Семіру және шамадан тыс салмақ – бұл денсаулық үшін қауіпті!

180 қаралу саны

Шамадан тыс салмақ пен семіру – денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін ауытқымалы немесе шамадан артық май қыртыстарының қалыптасу нәтижесі.

Шамадан тыс салмақ пен семіру неден туындайтынын түсініп алайық?

Семіру мен шамадан тыс салмақтың басты себебі – рационның құнарлылығы ағзаның энергетикалық қажеттілігінен асып түсетін энергетикалық үйлесімсіздік. Семіру – қазіргі заманның ең үлкен проблемасы. Шамадан тыс салмақ кез келген жастағы адамдарда байқалады, бұл ретте ол ағзаның қызметіне, көбінесе – жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына теріс әсерін тигізеді. Кез келген жаста семірудің алдын алу қажет, әйтпесе, бала кезден зат алмасуды бұзып, өмір бойы артық салмақтан және көптеген қосалқы аурулардан бейнет көруге болады.

Ендігі кезекте мына сұрақ: шамадан тыс салмақ пен семіру проблемасының ауқымын қалайша азайтуға болады?

Шамадан тыс салмақ пен семіруді онымен байланысты инфекциялық емес сырқаттар секілді едәуір мөлшерде болдырмауға болады.

Жекелей дәрежеде әрбіреуі тұтынатын майлар мен қанттардың санын төмендету есебінен өз рационының құнарлылығын шектеп; жеміс пен көкөністерді, сондай-ақ, бұршақ дәнділер, тұтас дақылдар мен жаңғақтарды тұтынуды арттырып; тұрақты дене белсенділігін жүргізе алады (балалар үшін күніне 60 минут және ересектер үшін аптасына 150 минут). Мұнда ең бастысы – өзін тәртіпке салу және денсаулық үшін маңыздылығына көз жеткізу!

Сонымен қатар, тамақтанудың негізгі қағидаларын ұстану маңызды болып келеді.

  • Ең алдымен, қатты аштық сезімінің туындауын болдырмау үшін тамақты жиі және аздаған мөлшерде жеп отырыңыз, тамақ ішкен кезде теледидарға немесе оқуға назар аударудан, асығыс, жүгіріп тамақ ішуден аулақ болыңыз;
  • тез сіңетін көмірсуларды (нан өнімдері, тәттілер, ақ нан, қант) тұрақты пайдалануды азайтыңыз;
  • тамақтану кезінде жидектер, кептірілген жемістер және зығыр дәндері қосылған тәтті емес ботқаларды, кебектерді, ашымалы сүт өнімдерін, өсімдік майларын;
  • жануарлар шеміршектерін және ет-сүйек дірілдектерді пайдаланыңыз;
  • рационда ақуыздар, көмірсулар мен майлардың қажетті ара қатынасын таңдаңыз;
  • тізе және жамбас буындарының пішінін өзгертетін артроздың алдын алу ретінде ағзаны көп қанықпаған май қышқылдарымен қанықтыру үшін мәзірге аптасына 3 мәрте қоса отыра, балықты көп жеңіз;
  • тексерілу, арықтаудың жекелей бағдарламасын жасау және жалпылай сауығу үшін терапевттің, эндокринологтың, диетологтың және емдік дене шынықтыру дәрігерінің кеңесін пайдаланыңыз.

Сонымен, қорытындылайтын болсақ: дене белсенділігін арттырыңыз, дұрыс тамақтаныңыз және өз денсаулығыңызды ұзақ жылдарға сақтайтын боласыз!

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Бөлісіңіз