Шетелден әуе рейсімен ұшып келгендерге қандай шектеу шаралары қойылады?

247 қаралу саны

Бүгін, 15 маусымда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова осы жылы 22 мамырда шыққан №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Аталған қаулыға сәйкес, көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

  • ұшып келу аймағында барлық жолаушылар мен экипаж мүшелеріне байланыссыз термометрия жүргізуді;
  • дене температурасы жоғары адамдар немесе ауру симптомдары бар (жөтел, ентігу, тыныс алуы қиын) адамдар анықталған жағдайда жолаушыны ықтимал жұқтыруды болдырмау жөніндегі шараларды сақтай отырып, әуежай изоляторына апаруды;
  • рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесінің деректерді өңдеуін; ұшып шыққан елден ПТР әдісімен COVID-19 анықтамасынсыз халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға болатын жерінде ұшып келген күнінен бастап 48 сағат ішінде ПТР әдісімен COVID-19-ға талдаудан өту міндеттілігі туралы хабарлама беруді;
  • ұшып шыққан елден ПТР әдісімен COVID-19 анықтамасынсыз халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жіберуді қамтамасыз етуі тиіс.

«Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары COVID-19 анықтамасынсыз халықаралық авиарейстермен келген жолаушылардың келген күнінен бастап 48 сағат ішінде ПТР әдісімен COVID-19-ға талдаудан өтуін бақылауды қамтамасыз етсін, ал өтпеген жағдайда оларға қатысты тиісті шаралар қолдансын» делінген қаулыда.



Осы қаулының 44-қосымшасына сәйкес, ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд елдерінен келген азаматтарға сауалнама және хабарлама беру шектеу шаралары қолданылады. Ал Түркиядан Қазақстанға келген азаматтарға термометрия, сауалнама шектеу қаралары қолданыста болады. Мұнан бөлек, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде алынған сәтінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексеру туралы анықтама болған жағдайда шектеусіз жүре алады. Ал аталған анықтама болмаған жағдайда ұшып келген күнінен бастап 48 сағат ішінде өту міндеттілігі туралы хабарлама беріле отырып, келген жері бойынша (шетел азаматтары үшін), тұратын жері бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.

Қазақстанға шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланады. Бұл жайында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың осы қаулысында айтылған.

Аталған қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары мынадай тәртіппен жүргізіледі:

  • Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін;
  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар CОVID-19-ға тексеру туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатады.

«СОVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, СОVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдарға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады» делінген құжатта.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар CОVID-19-ға тексеру туралы анықтама берген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды. Оларға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.

Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз