Азық-түлік бағасын көтергендерге – 100 АЕК көлемінде айыппұл

169 қаралу саны

Алматыда азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

«Алматыда күріштің шекті бағасы – 310 теңге, бірінші сұрыпты бидай ұнының 1 келісі – 211, қарақұмық – 209, бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан – 80 теңгеден аспау керек, кеспе – 209 теңге, қой еті – 2169, жұмыртқаның 10 данасы – 367, күнбағыс майының 1 литрі – 434, тұз – 59 теңге болып бекітілген» деді Еркебұлан Оразалин.

Сонымен бірге ол Алматы аумағындағы ірі және шағын дүкендерде көрсетілген осы тауарлардың бағасынан асырып сатуға рұқсат етілмейтінін айтты. «Алматы әкімі қаладағы аудандық әкімдіктерге бағаны бақылау бойынша тапсырма берді. Бүгін бұл мәселе бойынша комиссия құрылды. Оның қатарына заңгер, полиция, кәсіпкерлік бөлімдерінің мамандары және аудандық кірістер департаментінің өкілдері еніп отыр. Олар күнделікті қаладағы азық-түлік дүкендеріне барып, бағаларды бақылап отырады» деді Еркебұлан Оразалин.

Оның мәлімдеуінше, арнайы құрылған комиссия мүшелері қаладағы ірі супермаркеттерге барып, бекітілген 9 тауар түрі бойынша бағаны асырмау жөнінде ескерту жасаған. «Осы екертулерден кейін заң бұзушылық анықтаса. азық-түлік дүкен иелеріне 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады» деді қалалық басқарма басшысы.

Фото сілтемесі: today.kz

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз