Шымкентте құзырлы орган өкілдерінен құралған топ дәрі-дәрмекті қымбаттатып сатқан алыпсатарларды анықтады

229 қаралу саны

Шымкентте құзырлы орган өкілдерінен құралған топ дәрі-дәрмекті қымбаттатып сатқан алыпсатарларды анықтады. Рейд барысында дәріні заңсыз саудалап жүрген 50-ден аса тұрғын ұсталды.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қатысқан рейд барысында жұқпалы ауруларға қарсы дәрілерге сұраныстың артқанын пайдаланған тұрғындар вирусқа қарсы дәрілерді ғаламторда өз бағасынан 2-3 есе қымбат сатқан. 5-6 шілде аралығында жүргізілген рейд кезінде алыпсатарлар Левомак, Левомир, Димедрол сияқты дәріханаларда тапшы болып отырған препараттарды саудаламақ болған. Табылған дәрілердің ішінде тіпті елімізде тіркелмеген, тек Ресейде сатылуы тиіс дәрілер де бар болып шықты. Сондай-ақ, препараттарды сақтау барысы санитарлық талаптарға сай келмейтіні әшкере болды. Мәселен, тек тоңазтқышта тұруы тиіс дәрілер даладағы қораптарға салынған. Енді дәрі сатып байымақ болған азаматтар заң алдында жауап береді.

Дереккөз: Шымкент қалалық әкімдігі.

Бөлісіңіз