Сіз дұрыс тамақтана білесіз бе?

353 қаралу саны

Қазіргі уақытта дұрыс тамақтану туралы айту, пайдалы диета және ағзаға арналған түрлі тамақ өнімдері туралы пайымдау сәнге айналды. Дұрыс тамақтану ең алдымен, төменде айта кететін қағидаттарға негізделеді.        

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша жиі және аздап тамақтану қажет. 4-5 мәрте тамақтану ең оңтайлы болып есептеледі, сонда тамақ жиі және аздаған порциялармен келіп түседі.

Тамақтану тәртібін сақтау керек. Яғни, тамақты белгілі, белгіленген уақытта қабылдаған жөн. Күн сайын бір уақытта тамақтану әдеті асқазан-ішек жолының (АІЖ) жұмыс ырғағын күйіне келтіреді. Демек, белгілі бір сағаттарда ас қорыту жүйесінің мүшелері тамақ ішуге, өз функцияларын орындауға және эстафета арқылы жүйенің келесі мүшесіне тапсыруға дайын болады. Тұрақты тәртіппен тамақтану кезінде асқорыту ферменттерінің шығарылуы уақытылы жүреді, бұл толыққанды және ыңғайлы асқорытуды және тамақтың сіңірілуін қамтамасыз етеді. Тұрақты тамақтанбау, кеш және мол түскі ас пен кешкі ас АІЖ мүшелеріне қатты күш салып, семіздік пен дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын басқа аурулардың пайда болуына жағдай жасайды.

        Үш рет тамақтанған жағдайда тәуліктік рацион келесідей болуы тиіс: таңғы ас – тәуліктік рационның 30-35%-ы; түскі ас – 35-40%; кешкі ас – 25-30%.

          Тамақ ішу уақытының аралығы 4-5 сағаттан аспауы қажет. Тамақ ішу арасында шикі көкөністерді, жемістерді, кептірілген жемістердің аздаған мөлшерімен және/немесе жаңғақтармен, йогуртпен/айранмен жүрек жалғауға болады.

          Тамақ қорытылуы үшін сіздерге соңғы рет ұйқыға дейін 2-3 сағат бұрын тамақ ішуге кеңес береміз. Түнде көп тамақ ішу семіздіктің пайда болу, миокард инфарктісінің, жіті панкреатит пен басқа сырқаттардың туындау қаупін ұлғайтады.

         Мейлінше әр түрлі тамақтану қажет.

        Күн сайынғы мәзірге: 500-800 гр, соның ішінде, шикі түрінде кемінде 400 грамм  көкөністі; ажарланбаған тұтас жармалар мен олардан жасалған өнімдердің бір тостағанын (мысалы, 2-3 тілім тұтас дәнді нан, кебектенген ірі тартылған ұннан жасалған нан); жеміс-жидектердің 1-2 порциясын; кез келген бұршақ тұқымдастардың жарты тостағанын-бір тостағанын; жаңғақтар мен дәндердің кішігірім уысын; пайдалы тазартылмаған өсімдік майларының 1-2 ас қасығын (зәйтүн, күнбағыс, соя және басқасы); сүт өнімдерінің 2 порциясын (40 гр-нан аспайтын  майсыз ақ сүзбе, ірімшік, 30 гр-нан аспайтын сары май) қосқан жөн.

         Аптасына бірнеше рет балық (дұрысы ұсақ суық судағы майлы түрлерін таңдаған жөн), жасық ет (майын алып тастау), жұмыртқа мен құсты (қабықсыз) жеген дұрыс. Бұл ретте әрбір тамақтану ақуызды және көмірсуларды (ауыр көмірсулары бар) және пайдалы майларды қамтуы қажет. Осындай рацион биологиялық маңызы бар заттардың құрамы бойынша теңдестірілуі тиіс. Онда ағза үшін пайдалы көп дәрумен, минералдар, антиоксиданттар мен жасұнықтар бар.

       Б.з.д. 400 жылы Гиппократтың өзі “Асты дәрідей ішпесең, дәріні астай ішесің” деп айтқан. Қазіргі таңда дұрыс тамақтану әлдеқайда маңызды болып табылады. Не болса да өлімнің 10 жетекші себептерінің ішінен 4-еуі – жүрек аурулары, қатерлі ісік, инсульт пен диабет – осылардың барлығы біздің тамақтануымызға тікелей байланысты. Дұрыс тамақтанбау басқа бірқатар сырқаттардың пайда болуына жағдай жасайды.

            Дұрыс тамақтаныңыз және деніңіз сау болсын!

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚҚК сайты

Бөлісіңіз