Сіз денсаулық сақтау тақырыбына жазасыз ба? Онда вебинарға қосылыңыз!

299 қаралу саны

Сіз дәл қазір вебинарға қосыла аласыз! Мамандар журналистерге денсаулық сақтау ісінің құпияларын табуға көмектеседі. Спикерлердің баяндамалары екі мәселеге арналған: ауруханаға жатқызу порталы және жоғары технологиялық медициналық қызметтер.

Қазақстандық журналистер үшін семинарлар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен МӘМС коммуникациялар бойынша Жобалық кеңсесінің бастамасы бойынша өткізілуде. Тәжірибелі сарапшылар мен дәрігерлерді тартудың арқасында вебинарлар сериясы журналистер мен публицистердің денсаулық сақтау жүйесі мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы білімдерін арттыруға көмектеседі.

Біздің спикерлер: медициналық қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің бас сарапшысы Гүлсара Сағынайқызы Сарбасова және РЭСО медициналық-ақпараттық талдау департаментінің госпитализация бөлімінің бастығы Нәзира Берікбайқызы Еркебаева.

Бөлісіңіз