Солтүстік көршімізде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді

234 қаралу саны

Солтүстік көршіміз – Ресейдің Сеченов университетінде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді. Зерттеу нәтижесі екпенің қауіпсіз екенін көрсетті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне кеше, 12 шілдеде Университеттің дәрілерді клиникалық зерттеу орталығының басшысы, бас зерттеуші Елена Смолярчук мәлімдеді.
«Зерттеу аяқталды, ол вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп отыр. Сынаққа ерікті түрде қатысқандар 15 және 20 шілдеде шығарылады» деді ол.

«Олар университет зертханасынан шығарылғаннан кейін амбулаторлық бақылауда болады» деді Смолярчук. Сеченов университетінде вакцинаның алғашқы сынақ кезеңі 18 маусымда басталды. Ол кезде 18 еріктіге екпе егілді. 20 адамнан құралған еріктілердің екінші тобына 23 маусымда вакцина салынған еді.

Дереккөз: ТАСС

Бөлісіңіз