Соңғы үш науқастың жағдайы

Фото: Сауле Кисикова
182 қаралу саны

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус инфекциясымен тіркелген соңғы үш науқас туралы айтып берді.

Оның айтуынша, бір науқас 21 наурыз күні кешке анықталды. Ол коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған адам ретінде тексеруге алынған еді. «22 наурыз күні тағы екі жағдай тіркелді. Оның біреуі – өкпе қабынуы күдігімен стационардағы бокста жатқан. Диагностикалау кезінде коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта оның дене қызуы жоқ, бірақ жағдайы ауыр. Екі жақты пневмония, 1-деңгейдегі тыныс жетіспеушілігі бар. Пәнаралық топ консилиумы тағайындады» деді басқарма басшысы брифингте. «Қалған 30 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы шекті межеде. Коронавирустық инфекция бойынша хаттамаға сәйкес ем-дом алып жатыр»  деді С. Қисықова.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз