Студенттер мен оқушылар үшін!

Детский технопарк "Кванториум" в Грозном
262 қаралу саны

Елдегі төтенше жағдайға байланысты демалысқа шыққан оқушылар мен студенттер үшін білім орталықтары онлайн білім жүйесін ұсынады. Үйде оқшауланғандар үшін бұл – өте қажет дүние.

Бұл ретте біз мынадай кеңестер мен ұсыныстар береміз: оқушыларға, ЖОО және колледж студенттеріне арналған білім сайттарының қатарында баршаға арналған Coursera жобасының онлайн білім жүйесін пайдалануға болады.  Бұл тізімде ұкіметтік емес Хан Акдемиясы білім беру ұйымы да бар. Ал оқушыларға арналған Bilim media Group 40 мыңнан астам білім қорын ұсынады. Daryn Online осы күндерде тегін онлайн жүйесіне шақырады.

Opiq – оқушылар оқулықтарына арналған интерактивті курс. Басым бөлігі  «Алматыкітап» баспасының оқулықтары. Бұл жобаға басқа да баспалар қосылады деген болжам бар.  Электронды ресурста ҰБТ дайындалуға арналған виртуалды тернажер де бар. Ал бұл тізімді оқушылар мен студенттерге арналған NIS Play, STEM академиясы, iMektep бастауыш мектеп бағдарламасы және т.б. толықтырады.

Колледж студенттері үшін Atameken Academy – шағын әрі пайдалануға қолайлы контент. ЖОО үшін  Moodle жүйесі, Qazaqstan tarihy республикалық электронды кітапхана жұмыс істейді.  Ал Blended learning математикадан интернет мектеп жүйесін ұсынады.

Іске сәт, білімге құштар жастар!

Бөлісіңіз