Тұрғындар үшін мобильді бригадалардың қызметтеріне ӘМС Қоры төлейтін болады

211 қаралу саны

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жаңа жедел жәрдем қызметтері туралы айтылды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, емханалар жанынан COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделгеннен кейін шығарылған пациенттерді бақылау үшін мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылады. Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетімдер бойынша патронаж жүргізеді.

«Мобильдік бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттерге үйге барып, ПТР-тестке материал жинауды жүргізеді, сондай-ақ диагноз қою үшін медициналық тексеру жүргізеді. Халық үшін бұл қызмет тегін болады. Оны емханаларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді» деп ӘМСҚ баспасөз қызметі атап өтті.

Есеп айырысу бойынша, мобильді бригаданың бір шығуы үшін тариф 5 400 теңгені құрайды. Мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бөлісіңіз