Тағы бір фейк шықты: Карантин 2 айға созылады

Фото дереккөзі: Kaztag Какие магазины открываются с 4 мая в Нур-Султане
428 қаралу саны

Әлеуметтік желіде “Төтенше жағдай режимін шілденің 24-не дейін ұзартады” деген қауесет тарап жүр. Тіпті Хабар 24 арнасының видеосы да бар. Шынымен ТЖ созыла ма? Бұл видео қайдан шықты? Factcheck.kz тексеріп көрді.

«Елде ТЖ режимі шілденің 24-не дейін созылады». Әлеуметтік желідегі хабарлама.

         Үкім: Фейк

Бұл – «Хабар 24» арнасының 3 мамырдағы сюжетінен қиылған видео. Түпнұсқада Франция туралы айтылған, Қазақстанға еш қатысы жоқ. Тұпнұсқа видеоның 12 минут 28 секундына қарасаңыз «Франция билігі елде ТЖ режимін шілденің 24-не дейін ұзартпақ» деп басталатын сюжеті басталады. Ал, WhatsApp-та тараған видеода «Франция билігі» деген тіркесті алып тастаған, қалған бөлігін біздің елге қатысы бар деп таратқан. Толық видеоны төменнен қарасаңыз болады.

Дереккөз: Factcheck.kz

Фото дереккөзі: Kaztag


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз