Тағы бір қауесет жоққа шығарылды: «Birgemiz» қоры ешкімнен жалақының 1 пайызын алмайды

Источник фото: informburo.kz
332 қаралу саны

«Birgemiz»  қорына айлық жалақының 1% пайызы ұсталып қалынды-мыс туралы SMS-хабарлама алған адамдардың шағымдары жалған болып шықты. «Birgemiz» қоғамдық қорының атынан оның төрағасы Руслан Сакеев бұл қауесетті жоққа шығарды.

«Бюджет мекемелері қызметкерлерінің жалақысынан ақша ұстап қалу  туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз мұндай SMS-хабарламаларды таратқан емеспіз» деп хабарлады Қор жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарына.

«Birgemiz» қорының қағидаты тек ғана кәсіпкерлердің ерікті қайырымдылығына негізделген және мәжбүрлеудің ешқандай нысаны қолданылмайды . Ресми деректерге сүйенсек, бүгінгі күнге дейін «Birgemiz» қорында шамамен 20 миллиард теңге жиналған.

Сурет дереккөзі: informburo.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз