Талғат Толықбаев: алыпқашпа әңгімелерге сену – ұмытылған жұқпалы аурулардың оралуының алғышарты

436 қаралу саны

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында неонатолог дəрігер Талғат Жорабекұлы Толықбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан екпе туралы ой-пікірлер білдіріпті. Ол өз жазбасында әрбір ата-ана перзентінің дені сау болуын және аурудан сақтандырды ойлайтын болса, жұқпалы аурулардың алдын алуда екпелердің ролі зор екенін ұмытпауға шақырады:

Егер тарихқа үңілсек онда ерте заманда ата-бабаларымыздың көп құрсақ көтергенін оқып, біліп жүрміз. Өкінішке орай, сол замандарда нəресте өлімінің көп болуының бір себебі жұқпалы аурулар болып табылады. Жиырмасыншы ғасырдағы медицина ғылымының дамуымен халық арасына  екпелер келіп бірқатар жұқпалы аурулардан құтылуға, ал кейбірінің таралуын азайтуға алып келді.

Қазіргі заманда екпе препараттарының  сапасы артып келеді, оны мен маман ретінде айта аламын. Халық арасында сенімсіздік ұялататын алып-қашпа сөздер мен жалған, дəлелденбеген мәліметтер беруді тоқтатқан абзал болар, ағайын! Біздің ата-аналарымызға екпе жасалды, біздің замандастарымыз екпе алды, ендеше келесі ұрпақтың болашағы үшін екпе жасауды жалғастыруымыз қажет!

Дереккөз: Фейсбук парақшасы


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Кнопка домой

Бөлісіңіз