ДДСҰ шектеулерді бәсеңдетуге асықпауға шақырды

Фото сілтемесі: cdnimg.rg.ru ДДСҰ шектеулерді бәсеңдетуге асықпауға шақырды
229 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерді алып тастау мәселесіне өте сақ қарауға шақырды. Бірқатар елдерде коронавирустың таралуы бәсеңдей түсті. Осы орайда билік өкілдері «әлеуметтік қашықтықты» сақтауға бағытталған шараларды тоқтату туралы ойлана бастады, деп  хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы.

Брифингте ДДСҰ басшысы COVID-19 – коронавирустың ең жаңа типі екенін және медициналық қауымдастық та, денсаулық сақтау қызметкерлері де ол туралы онымен күрес жүргізу барысында танысып отырғанын атап өтті. Ал індетпен күрес стратегиясы өз кезегінде ең соңғы мәліметтерге негізделеді. Вирустың қалай қозғалатынын, оны қалай тоқтату және одан қалай қорғану керектігін түрлі елдердің тәжірибесі көрсетуде.

«Біз COVID-19 өте тез тарайтынын және өлімге апаратынын біліп отырмыз: ол 2009 жылғы грипп эпидемиясына қарағанда 10 есе көп адамды өлтірді. Вирус адамдар көп жиналатын жерлерде, мысалы, қарттар үйінде тез таралатынын білеміз. Вирустың таралуын ұстап қалу үшін әрбір оқиғаны дер кезінде анықтап, тест жасап, індет жұқтырған әр адамды уақытылы оқшаулау және емдеу керектігін білеміз. Кейбір елдерде ауру жұқтырған адамдардың саны әрбір 3-4 күн сайын екі еселеніп жатқанын біліп отырмыз» деді Тедрос Гебрейесус.

Оның айтуынша, қатаң шараларды кезең-кезеңмен бәсеңдету қажет. «Бұл қадамға тұрақты қатаң бақылау жасай отырып және денсаулық сақтау жүйесі инфекцияны жұқтырудың жаңа жағдайларын уақытылы анықтап, емдей алатын жағдайда, сондай-ақ оның қайталану жағдайларына дайын болған кезде ғана бару қажет» деді ол. Осы ретте кейбір елдер шектеулерді жұмсарту мүмкіндігін қарастырса, басқалары оларды енгізу туралы ойлануда. Бұлар – Латын Америкасы, Африка және Азиядағы табысы орташа және төмен елдер.

«Мен адамдар арасындағы қашықтықты шектеу – алдын алу үшін қажетті шаралар кешенінің бірі ғана екенін көп рет айттым. Әрбір үкімет жағдайды бағалап, өз азаматтарын қорғай алу керек» деді ДДСҰ басшысы.

Доктор Тедрос Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ертең COVID-19 індетіне байланысты шектеулерді алып тастауға негіз болатын алты жағдай жазылған жаңартылған стратегияны жариялайтынын айтты.

Дереккөз: https://news.un.org/ru/story/2020/04/1375982

Фото сілтемесі: cdnimg.rg.ru

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз