Темекі өнімдерінің жаңа түрлері және олардың Қазақстанда таралуы

216 қаралу саны

Қазіргі таңда Қазақстанда дәстүрлі темекіге “қаупі аз” және “түтінсіз” балама ретінде ұсынылатын темекі өнімдерінің жаңа түрлері кеңінен таралды. Шындығында, олардан бөлінетін элементтер, әдетте денсаулыққа зиян келтіретін улы заттардан тұрады.

Никотинді жеткізудің электрондық құралдары

Никотинді жеткізудің барлық электрондық құралдарын олардың жұмыс қағидаты бойынша шартты түрде үш түрге бөлуге болады:

• темекіні қыздыру жүйесі (ТҚЖ);

• ашық жүйе (мысалы, вейптер, оларда тұтынушы сұйықтықты никотинмен

немесе онсыз алуға болады);

• жабық жүйе (мысалы, электронды сигарет, “толтыруды” ауыстыруға мүмкіндік жоқ).

Темекіні қыздыру жүйесі туралы толық айтамыз, өйткені бұл технология бүгінде нарықта белсенді түрде дамып келеді және темекі тұтынудың ең қауіпсіз жүйесін өндіруші деп аталады.

Темекіні қыздыру жүйесі – құрамында никотин және басқа да химиялық заттар бар аэрозоль бөлетін темекі өнімдері. Жүйе 3 компоненттен тұрады: қыздыру элементінен тұратын ұстағыш, темекі стик және зарядтағыш құрылғы. ТҚЖ-де темекіден, глицериннен және пропиленгликольден жасалған сығымдалған темекі қоспасы 350 градусқа дейін қызады.
ТҚЖ әдеттегі темекіден қауіпсіз бе?

ТҚЖ пайдаланған кезде әдеттегі темекі шегу процесіне ұқсатады, ал кейбір жағдайда темекіні қыздыру “стик” деп аталатын өзгеше құрылымдағы сигареттерде болады. ТҚЖ қолданған кезде адам ағзасына көптеген ауыр металл, формалин, акролеин және басқа заттар түседі. Лоуренс атындағы ұлттық зертхананың (Беркли, 2016) ғалымдары стик құрамындағы пропиленгликоль мен глицериннің жоғары температурада өзара әрекеттесуі кезінде (атап айтқанда, темекіні қыздыру жүйесінің ішінде болады) улы заттар бөлінетінін анықтады. Мұндай өнімдердің құрамында (олардың темекі бөлігінде) ТҚЖ-ге қатты тәуелділікті тудыратын никотин бар. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар, ағзасы никотинді көтере алмайтын адамдарға, жүкті және бала емізетін аналарға кез келген никотин түрінің қарсы көрсетілімі бар.

ТҚЖ көмегімен темекіні тастауға бола ма?

Көбінесе темекі шегушілер ТҚЖ-дан темекіні тастауға болады деп есептейді. Физиологиялық тұрғыдан алғанда, ТҚЖ темекі шегуден бас тартуға ықпал етпейді. Стиктерде әдеттегі темекі сияқты бірдей концентрацияда никотин болады. Сондықтан тәуелділік арта береді.

Соңғы уақытта ТҚЖ танымалдығы немен байланысты?

Темекі өнеркәсібінің маркетингіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және PR-белсенділігіне байланысты адамдарға темекі шегуге қатысты саналы түрде еркін таңдау жасау қиын. Жаңа девайс, түрлі инновациялық әзірлемелер, зияны аз деп насихаттайтын “зерттеулер” – сауатты жоспарланған маркетинг нәтижесі.
– Қазіргі күні дәстүрлі темекі өнімдеріне қарағанда ТҚЖ зияны аз екендігіне айғақ жоқ, – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекциялық емес аурулардың алдын алу бөлімінің маманы Аслан Гучияев. – Темекі компаниялары қаржыландыратын кейбір зерттеулерде стандартты темекімен салыстырғанда, мұндай өнімдердегі зиянды немесе ықтимал зиянды құрамдастарының көлемі мен әсер ету күші едәуір аз екендігі айтылған. Алайда қазіргі уақытта бұл химиялық заттардың әсер етуінің төмендеуі адамдарға төнетін қауіптің азаюына әкелетіні туралы ешқандай дәлел жоқ.

Қазақстанда темекі өнімдерінің жаңа түрлерін реттеу

Ағымдағы жылдың шілде айында Мемлекет басшысы “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Кодексіне қол қойды, онда темекіні қыздыру жүйесі, электронды тұтыну жүйелері мен сұйықтықтар, сондай-ақ кальян темекі өнімдеріне теңестірілді. Қоғамдық орындарда темекі өнімдерінің жаңа түрлерін шегуге тыйым салынды.
Сондай-ақ снюстерді және басқа да шекпейтін темекі өнімдерін әкелуге, өндіруге және таратуға тыйым салынды. Темекі өнімдерін алдыңғы Кодекстегідей 18 жастан емес, енді 21 жастан асқан адамдарға сатуға болады.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО сайты.

Бөлісіңіз