Тікелей байланыс нөлге тең

166 қаралу саны

Нұр-Сұлтан қаласы арқылы және кіру/шығу үшін жүк таситын көлік жүргізушілері post.iqala.kz сайтында бақылау-өткізу пунктінен кедергісіз өтуге өтініш бере алады, деп хабарлайды қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Telegram-дағы парақшасында.

«Төтенше жағдай кезінде елорданы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Жасыл дәліз» құрылды. Енді Нұр-Сұлтан қаласы арқылы және кіру/шығу үшін жүк таситын көлік жүргізушілері post.iqala.kz сайтында бақылау-өткізу пунктінен кедергісіз өтуге өтініш бере алады. Жүруіне арналған өтінім тікелей «Сергек: бақылау-өткізу пункті» қосымшасына кіреді. Жүк машинасының жүргізушісі сайтқа кіріп, кіру / шығу деректері, көлік құралының нөмірі, ЖСН, тасымалданатын тауардың атауы, олардың саны және маршруттың өзі көрсетілген өтініш толтыру қажет»  деп жазды Мәлика Бектұрова.

Оның айтуынша, өтінімді беру үшін ЭЦҚ және басқа да элементтер қажет емес. Бұл тек Нұр Сұлтан қаласына қатысты. «Бұл әдіс бюрократиялық кедергілерге көп уақытты қысқартады, бақылау-өткізу пунктерінде деректерді қолмен толтыру қажет емес. Осылайша, адам мен адамның тікелей байланысы іс жүзінде нөлге тең, бұл пандемия жағдайында өте маңызды. Елордаға қандай тауарлар және қанша әкелінетіні туралы мәліметтер бірден қаланың бас штабының дерекқорына түседі» делінген жазбада. Айтта кетерлігі, сайтты шамадан тыс жүктемелерден және DDOS шабуылдан қорғау үшін, captcha қойылған. Өтініш беруші әріптер мен сандарды енгізеді, осылайша ол бот емес екендігін растайды.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз