Тікелей жеткізу тетіктерін қосуда

Фото: Тікелей жеткізу тетіктерін қосуда
157 қаралу саны

«Белсенді Азамат» жобасының тобы облыс әкімдігі мен ақпараттандыру басқармасының қолдауымен қарағандылықтарға тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізудің бірыңғай ақпараттық қызметін жасады.

Азаматтарға үйден шықпай-ақ супермаркеттерден, дәріханалардан, мейрамханалардан және пиццериялардан тауарларға тапсырыс беру ұсынылады. Жаңа сервис коронавирустың таралуына байланысты қазір көп адамдар жиналатын жерлерге барудан аулақ болуға көмектеседі. Жеткізу қызметтерінің курьерлері тапсырысты әкеліп береді. Сатып алуға төлемді қолма-қол немесе онлайн режимінде төлей аласыз. Бұл сайтта Burger King, KFC, «DODO пицца» пиццериялары, «Аян» супермаркеттерінің желісі және басқа да жылдам тамақтану мейрамханаларына тапсырыс беру туралы ақпарат бар.

Платформада emenu.kz және kura.kz біріктірілген қызметтерін пайдалана отырып, мейрамханалардан дайын тағамдарды жеткізу қызметі бар. Ауыз суды «Кристалл» серіктестігі әкеледі. Дәрі-дәрмектер Europharma және «Биосфера» дәріханалар желісінен жіберіледі. Жақын уақытта сайтта такси шақыру опциясы пайда болады және азық-түлік емес дүкендердің тізімі кеңейеді. Платформада жеке автокөлігімен де, онсыз да курьер болып істеуге бос орындарға шақырады. Өтініштер онлайн режимінде қабылданады. Жаңа қызметті https://ba09.kz/ сайтынан пайдалана аласыз.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз