ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

335 қаралу саны

Қазақстанда мемлекет атынан тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексімен белгіленген. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің қазіргі моделі тұрғындардың барлығына қажетті және көрсетілетін қызметтердің ең аз жиынтығын қамтиды.

Алайда, бұл көлем әрдайым жеткілікті болмайды. Сондықтан да ТМККК жаңартылған пакеті базалық және ажырамас ретінде қалады, ал МӘМС сақтандыру пакеті жүйенің әрбір қатысушысы үшін мүмкіндіктердің кең спектрімен қосымша болып табылады. Дәрі-дәрмектерді белгілі бір сырқаттар және жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар санатының ақысыз негізде алуына болады. Оларға амбулаториялық деңгейде енші дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдардың тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітілген (2017 жылғы 29 тамыздағы  № 666, 2020 жылғы 9 қаңтардағы өзгерістермен № ҚР ДСМ-1/2020.)

  Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету медициналық көмек көрсетудің басты құрамдас бөлігінің бірі болып табылады және сол себептен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Ары қарай оқу:


Сатып алынатын дәрілік заттардың тізімінде мыңнан аса атау бар. Препараттар формулярлық комиссиясы ұсынымдарының, заманауи емдеу хаттамалары мен дәрі-дәрмектердің тиімділігін зерттеу негізінде тізімге қосылады. Комиссия жаңасын қосу немесе бұдан да тиімді жаңасымен ауыстырылатындарды қосу туралы шешімдерді тұрақты қабылдайды.

ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды қалай және кімнің алуына болады?

Ең алдымен емделуші тұрғылықты, жұмыс немесе оқу орны бойынша емханаға тіркеліп, диспансерлік есепте тұруы, учаскелік дәрігерге тұрақты барып тұруы, медициналық тексеруден уақытылы өтуі тиіс. Учаскелік дәрігер ай сайын немесе айына үш рет (сырқаттың ауырлығына байланысты) тегін дәрі-дәрмектерге рецепт жазып береді. Емделушінің тек Бұйрықпен бекітілген препараттарды ғана тегін алуына болады.

Дәрі-дәрмектер ТМККК шеңберіндегі дәрілік заттарды босату жөніндегі дәріханаларда беріледі. Дәрі-дәрмектерді алу үшін дәрігер жазып берген рецептіні және жеке куәлігін ұсыну қажет. Ақпараттық жүйе процесті рецепт жазылған күнді де, препаратты алу фактісін де минутына дейінгі нақтылықпен қадағалайды.

Амбулаториялық емдеу кезінде емделушілер ортақ жауапкершілікті сақтап, тағайындалған дәрілік заттарды уақытылы және тұрақты қабылдауы, диетаны сақтауы, салауатты өмір салтын ұстануы, сауықтыру дене тәрбиесімен шұғылдануы және тек дәрігер тағайындаған препараттарды ғана қабылдауы қажет. Препаратты қабылдаудан жағымсыз жанама әсер пайда болған жағдайларда осы дәрігер тиімді және қауіпсіз дәрілік затты таңдап, емдеу тәсімінің түзетілуін жүргізу қажет. Емделуші препараттың жанама әсері мен тиімсіздігі жөнінде дәрігерге жүгінген кезде емдеуші дәрігер бұдан әрі ДЗСҰО сараптамасын жүргізу мақсатында сары түсті картаны толтырады.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Дереккөз: ҚР ДСМ ҚДСҰО Фейсбук парақшасы

Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз