Токиода індет жұқтырғандарға арналған қонақ үйде роботтар қызмет етуде

Токиода індет жұқтырғандарға арналған қонақ үйде роботтар қызмет етуде Фото дереккөзі: Barrons.com
315 қаралу саны

Токиода індет жұқтырғандарға арналған қонақ үйде роботтар қызмет етуде.

Токиода коронавирус жұқтырғандар үшін арнайы қонақүй ашылды. Сақтық мақсатында онда роботтар ғана қызмет етеді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/393258-tokioda-koronavirus-zh-tyr-andar-a-robottar-yzmet-etetin-arnajy-ona-j-ashyldy

Темір қызметкерлер тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ науқастардың ем-домына көмектеседі. «Қонақүйді мейлінше жайлы ету үшін роботтарды қолдануды ұйғардық. Мәселен, мейманхананың кіреберісіне тазалау жұмысымен айналысатын роботты қойдық. Өйткені ең қауіпті аймақ дәл осы жер саналады. Оның үстіне роботтардың арқасында адамдар вирус жұқтырып аламын деп те қорықпайды», – дейді Токио мэриясының өкілі Наоко Кубота.

Дереккөз: «Хабар 24» арнасы

Фото дереккөзі: Barrons.com


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз