Трэш-фейк: Билл Гейтс және адамдарды жаппай чиптеу

Трэш-фейк: Билл Гейтс және адамдарды жаппай чиптеу
427 қаралу саны

Чиптеуге қатысты ақпаратты Buzzfeednews мен Reuters және Factcheck.org талдап қойған болатын. Сол себепті біз сандырақ-фейктердің пайда болу механикасын түсіндіре кетуді жөн көрдік.

Сонымен 18 наурызда Билл Гейтс Ask me anything (AMA) форматында сұрақтарға жауап беру үшін Reddit платформасына тіркелді. Ол мұндай форматта жиі пікір алмасады, бірақ осы жолғы сұрақтар коронавирус тақырыбында болды. Сөзбе-сөз келтірсек, Билл Гейтс былай деп жазды: «Барлық елдер ары қарай не істеу керектігін әлі анықтап жатыр. Соңғы нәтижеде бізде кім жазылып шықты немесе тестілеуден өтті немесе қашан екпе жасатты деген ақпараты бар цифрлық сертификаттар болады».

Бітті! Осыдан кейін-ақ шөлді жердің масасы сияқты шулағандар атойлап шыға келді. Тіпті 19 наурыз күні biohackinfo.com сайтында «Билл Гейтс коронавируспен күрес үшін имплантталатын микрочиптерді пайдаланады» деген тақырыппен мақала пайда болды және бәрі осыдан басталды. Материалда былай делінген: «Microsoft-тың негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс «цифрлық сертификаты» бар адамға имплантталатын капсулалар шығарады, олар кімнің коронавирусқа тексерілгенін, кімнің екпе жасатқанын көрсетеді».

Сонымен қатар, мақалада Гейтс смартфон арқылы «оқуға» болатын көрінбейтін татуировканы (Quantum tattoes) айтқысы келгені туралы жалған мәлімет бар. 2019 жылы Гейтс қоры осы тақырыпта зерттеу жасаған. Ол екпе туралы мәліметі бар тату-маркировкаларға арналды, бірақ (!) адамдарды аңди алатын қабілеті жоқ.

Айта кетейік, Гейтс Reddit-те микрочип туралы мүлдем айтқан жоқ. Бірақ биохакерлерге «қастандық теориясының» жақтастары қосылды: 13 сәуірде Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі Роджер Стоун радио-сұхбатында Гейтс ғаламшар тұрғындарын бақылап отыру үшін коронавирус пен микрочипі бар екпені ойлап тапты деп мәлімдеді.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Стоунның жеңілтек мәлімдемесінен кейін чиптеу мен екпе жасау туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен медиа арқылы бүкіл әлемге тарап кетті. «The daily beast» басылымы 10 сәуірде «Diamond пен  Silk деген никпен танылған, Трампты қолдайтын көрнекті белсенді-блогер ханымдар Гейтс пен чиптендіру айналасындағы конспирологиялық теорияны соңғылардың бірі болып қозғады» деп әжуалап жазғанының астарынан көп нәрсені байқауға болады.

Көріп отырғанымыздай, фейк орыстілді ақпарат кеңістігінде сәуірдің ортасында талқылана басталды. CGTN арнасына берген сұхбатта филантроп Гейтс өзінің айналасында болып жатқан «конспирологиялық» жағдайда мүмкін нәрсенің бәрін жасайтын (мәселені шешу үшін) «қандай да бір ирония бар» екенін атап өтті.

Дереккөз: Factcheck.org

Фото дереккөзі: Insider.com

Кнопка домой
Бөлісіңіз