Түпнұсқаны қалай анықтауға болады?

Фото: Түпнұсқаны қалай анықтауға болады?
274 қаралу саны

Сіз контрафактілік өнімді түпнұсқадан бірнеше белгі бойынша қалай айыруға болатынын білесіз бе? Ең алдымен, орамасына назар аударған жөн: ол ақаусыз, теп-тегіс және оның тығыз жапсырылған затбелгісі бар болуы керек. Орамада міндетті түрде өндірушінің барлық деректері, жасалған күні және жарамдылық мерзімі болуы тиіс. Барлық ақпарат екі тілде – мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы қажет.

Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті хабарлағандай, Теміртау қаласындағы емханаларға қойылған қол жуатын антисептиктердің жалған екендігі әшкере болды. Аталмыш департамент осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстарын бастады. Облыстың емханаларына «Гросфарм» сауда белгісімен «Алкосепт» деп аталған жалған антисептиктерді жеткізушілердің кінәсі дәлелденген жағдайда оларға ірі көлемде айыппұл салынады және тауар түгелдей тәркіленеді.

Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жеке қорғану құралдарының бағалары бойынша алыпсатарлыққа барғандар үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салады. Мониторинг күн сайын жүргізіледі, сондай-ақ интернет-сауда да бақылауға алынған.

Мұндай жағдайлар елдің басқа қалаларында да орын алмауы үшін барлық облыстар мен республикалық дәрежедегі қалалардың экономикалық тергеу департаменттері қырағылық танытқандары дұрыс деп есептейміз.

Бөлісіңіз