Түркістан: балабақшалар уақытша жабылды

Фото: Түркістан: балабақшалар уақытша жабылды
191 қаралу саны

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысындағы қаулысы негізінде 20 наурыздан бастап барлық балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты. Бұған дейін олар штаттық режімге сәйкес жұмыс істеп келген. Балалар ата-аналарының қалауы бойынша қабылданған.

Елдегі төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бақшадағы балалардың саны екі есе азайған. Бүкіл әлемді алаңдатқан коронавирус індетіне байланысты сақтық шарасы жүзеге асырылып, Түркістан облысы бойынша балабақшалардан босаған 150 мыңнан астам бала үй тәрбиесінде болады. Ал, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері жылдық жоспарына сәйкес кезекті еңбек демалысына шығады.

Қалғаны еңбек ақысы сақтала отырып, демалысқа жіберілді. Жұмыс тоқтағанымен балабақшаларда жоспарлы түрде барлық талапқа сай қауіпті вирусқа қарсы сақтық шаралары жауапты сала мамандары тарапынан қадағаланып отырады. Қазіргі таңда облыста мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны – 1 447. Оның 998-і – жекеменшік.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз