Ухань дәрігері: Қытай коровирус індетімен қалай күресті?

12  747 қаралу саны

Коронавируспен әлем жұртшылығының алдында ең бірінші болып бетпе-бет келген Қытай індетті еңсере алды. Өткен жексенбі күні осынау жұқпалы аурудың таралу ошағы болған Хубэй өлкесі Ухань қаласының ауруханаларында коронавирус инфекциясы бар бірде-бір пациент қалмады. 29 сәуірдегі деректерге сәйкес індет басталған сәттен бері Уханьда вирус жұқтырудың 50 333 жағдайы тіркеліп, 3 869 адам қаза тапты. Соңғы үш тәулікте жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеді. Ал соңғы сауыққан 12 пациент 26 сәуір күндері медициналық мекемелерден үйлеріне жіберілді.

Ухань университеті жанындағы «Чжуннань» ауруханасы қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Пэн Чжиюн COVID-19-бен барынша ауыр науқастанған пациенттерді емдеуге жұмылдырылған дәрігер-реаниматологтар тобына басшылық жасады. АҚШ-тың Питтсбург университетінің Медицина орталығы күрделі медицина кафедрасында оқытушылық және ғылыми тәжірибе жинаған Пэн Чжиюн ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивті сұхбаты барысында коронавирус инфекциясын емдеудегі тәжірибесімен бөлісіп, коронавирустың алдын алудың бірінші кезектегі шаралары туралы сөз қозғады.

 – Коронавирусты емдеудің тиімді препараты бар ма?

– Соңғы мәліметтерге қарағанда, COVID-19-ды емдеудің тиімділі дәлелденген препараттары немесе әдістері жоқ. Ремдесивирдің де, гидроксихориннің де, тоцилизумабтың да клиникалық сынақтары сәтсіз болып шықты. Дегенмен, клиникалық сынақтар шынайы тәжірибемен сайма-сай болмауы да ықтимал. Бұл препараттар пациенттің жай-күйіне байланысты қолданылуы мүмкін. Айталық, арбидолды коронавирустың алғашқы сатысында оның алдын алу үшін қолдануға болады.

Дәстүрлі қытай медицинасы жайында не айтар едіңіз?

– Қытай медицинасының COVID-19-ды емдеуде тиімді екендігіне ешқандай да сенімді дәлел жоқ. Дегенмен, клиникалық тәжірибеге сәйкес COVID-19-дың бастапқы сатысында қытай медицинасының тиімділігі бар.

Сәбилерді, балаларды және қарт адамдарды коронавирустан қалай қорғау керек?

– Аналар балаларымен бірге қоғамдық орындарға бармауға тырысуы қажет. 5 жастан асқан балалар үйлерінде болуы және адамдар көп жиналатын жерлерге бармауы керек. жасы 60-тан асқан қарт адамдарға дұрыс тамақтануға, ұйқыларын қандыруға, зорықпауға және үрейге бой алдырмауға кеңес береміз. Егер олар көшеге шыққылары келсе, онда масканы тағып қана қоймай, оны дұрыс киюлері де аса қажет.

– Ал коронавирустан қалай қорғануға болады?

– Меніңше, иммундық жүйені жақсартуға дәрі-дәрмекке қарағанда диетологиялық статус пен көңіл-күйді жақсарту барынша тиімді болмақ. Ақуызды молынан тұтынып, бірқалыпты физикалық жүктеме жақсы иммунитетті ұстап тұру үшін барынша маңызды. Жеміс-жидектің не болмаса С дәруменінің де көмегі бар. Өзім таблетка түріндегі С дәруменін күнсайын 2 рет қабылдаймын.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Күйгелектенуден және жабырқаудан арылу қажет. Қытай медицинасында «Ляньхуа Цинвэнь» (Lianhua Qingwen) капсуласы кеңінен тарай бастады және коронавирустың алғашқы сатысында пайдалы екендігі айтылуда. Сонымен қатар кейбір медициналық бригадалар Уханьға жолға шығар алдында Тимозин (Thymosin) қабылдаған.

– Жауыр болған мәселе болса да маска тағуға қатысты пікіріңізді білсек…

– Уханьда сапалы карантин мен маска тағып жүру COVID-19 індетімен күрестегі біздің жеңісіміздің өмірлік маңызды факторына айналды. Өйткені, бұл вирус ең алдымен тыныс алу жүйесін зақымдап, тозаңдану жолымен адамнан адамға беріледі. Тіпті, медициналық мекемелерде масқа тағып жүрген медицина қызметкерлерінің тақпағандарға қарағанда індетті жұқтырып алу қаупі төмен болды. Дегенмен, бұл масканың жеткілікті көлемін және оны дұрыс тағуды талап етеді.

– Күнделікті өмірде ұстану үшін қандай кеңес берер едіңіз?

– Егер сіз жұмысқа баратын болсаңыз, мәселен кеңселік ғимаратта болсаңыз, онда біз маска тағуға және мүмкіндігінше қолды жиі залалсыздандыруға кеңес береміз. Ал егер сіз супермаркет, метро сынды қоғамдық орындарға баратын болсаңыз, онда да маска тағып жүруге кеңес береміз және қол беріп амандасу, құшақтасу және сүйісу сынды жақын байланыстардан қашу қажет. Адам жоқ жерде масканы шешіп қоюға болады. Үйде қарт ана-аналарыңызбен және балаларыңызбен бірге болған кезде маска тағып, қолды залалсыздандырып отыруды ұсынамыз. Сөз соңында айтарым, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланып, жеке тазалық ережесін, қатаң карантин талаптарын сақтау – бұл, әсіресе, ерте сатыда індетпен күрестің маңызды шарасы.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Дереккөз: Inform.kz

Фото дереккөзі: Siriusxm.com

Кнопка домой

Бөлісіңіз