Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды

341 қаралу саны

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында ағымдағы  эпидемиологиялық жағдай мәселелері қаралды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов өз мәлімдемесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігіне тоқталды. Себебі, қарантиндік шараларды жеңілдету барысы кейбір өңірлерде  ауруды жұқтыру санын көбейтіп отыр.



Осыған орай, өңірлерде, қызметіне қайта кіріскен объектілерде санитариялық талаптардың орындалуына қатаң бақылау ұйымдастыру тапсырылды.

Тек Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген тексерулер барысында санитариялық талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін 15 құрылыс объектілерінің қызметі анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше тоқтатылды.

Сонымен қатар, қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылғы 20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавловск қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды), қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды.

Ресей Федерациясынан 1 мыңдай Қазақстан азаматтарын, оның ішінде сол жақта оқитын біздің студент жастарымыз елге қайтару  мәселесі қаралды.

Отырыс қорытындысында Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов тарапынан бірнеше нақты тапсырмалар берілді.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Сурет ТҚСҚБК сайтынан алынды


Референс-зертхана коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді

Дереккөз: zakon.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз