Виртуалды танымалдылық дәуірі

Виртуалды танымалдылық дәуірі
28  358 қаралу саны

Танымалдылығы Инстаграммен өлшенетін жұлдыздар көбейіп кетті. Реальды танымалдылыққа жету қолынан келмейтін адамдардың тірлігі осындай ұсақ-түйектің айналасында өрбитіні бесенеден белгілі. Аудиторияның ауанын дөп баса білетін мұндай жұлдыздар өз дегеніне оңай жетеді. Таза тұтынушылар ұрпағы қалыптасып үлгерген мына заманда олар әлі талай жерге шабатыны белгілі болып отыр.

Дей тұрғанмен, ең басты трагедия сол жұлдыздардың виртуалды танымалдылыққа малданып жүргенінде жатыр. Ондай жұлдыздарды қазір біздің топастана бастаған ТВ жарнамалаудан бір жалыққан емес. Сондықтан да бұл үрдіске үрейлене қарамау қиын. Себебі, құндылықтардың орнын алмастыру дәуірі тікелей осы құбыжық құбылыстың астарында тығылып жатыр. Жастар Әбдіжамил Нұрпейісовтің кім екенін білмейтін халге жетті. Есесіне Динара Сәтжанды аузынан тастамайтын ұрпақ өсіп-жетілді.

Виртуалды танымалдылыққа қол жеткізу аса қиын шаруа емес. Техника керек. Басқа не керек?! Ештеңе. Ал, реалды танымалдылыққа жету кез келгеннің қолынан келмейді. Ең құрығанда, Ермек Тұрсыновтың талантынсыз танымал болуың мүмкін емес.  Дәл осы жерде Үлкен өнер мен Тобырлық өнер көз алдыма қатар келеді. Айырмашылығы Жер мен Көктей осы екі өнердің бүгінгі таңда соңғысының асығы алшысынан тұрып тұрғаны көңілге кірбің түсірмей қоймайды.

Фото дереккөзі: Adebiportal.kz

Бөлісіңіз