ЮНИСЕФ балаларды карантин кезінде интернеттен қорғауға шақырады

Источник фото: https://www.unicef.org/kyrgyzstan/ru/%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81-covid-19-%D1%87%D1%82%D0%BE-%D0%BD%D0%B5%D0%BE%D0%B1%D1%85%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%BE-%D0%B7%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%8C-%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8F%D0%BC
4  533 қаралу саны

Карантин және өзін-өзі оқшаулау кезінде бүкіл әлемдегі миллиондаған балалар көп уақытты компьютер экрандарының, ноутбуктардың және смартфондардың алдында өткізеді. Бұл – балалар үшін қауіпсіз емес.

«Вирустың таралуын болдырмау үшін мектептер жабылып, басқа қатаң шаралар қабылданған жағдайда балалар цифрлық технологияларды қолдана отырып, сыртқы әлеммен танысады, көңіл көтереді және қарым-қатынас жасайды, бірақ барлық балалар интернетті қауіпсіз пайдалану үшін қажетті білім мен дағдыларға ие емес» деді Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жаһандық серіктестіктің атқарушы директоры Ховард Тейлор.

Бүгінгі таңда індеттің кесірінен әлемде 1,5 миллиардтан астам балалар мен жасөспірімдер мектепке бармайды. Олардың көпшілігі қазір Интернет арқылы оқып, байланыс жасайды. ЮНИСЕФ сарапшыларының пікірінше, достарымен жеке байланыстардың болмауы балалардың Интернетте қауіпті мінез-құлыққа, оның ішінде зорлық-зомбылық немесе порнографияны қамтитын мазмұнды қарауға бейімділігін арттырады.  

ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірге, соның ішінде Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жаһандық серіктестік, Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) және ЮНЕСКО үкіметтерді, ақпараттық технологиялар индустриясы (АТИ) компанияларын, оқытушылар мен ата-аналарды қырағы болуға шақырады. Ықтимал қауіптерді азайту және пандемия кезінде виртуалды кеңістіктегі «өмір сүрудің» оң тәжірибесін алу жолында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасауға ұсыныс береді.

«COVID-19 басталғандықтан миллиондаған балалар үйлерінде уақытша оқшауланып, көп уақытты өздерінің электронды құрылғыларының алдында өткізді. Біз оларға жаңа шындықты түсінуге көмектесуіміз керек» деді ЮНИСЕФ атқарушы директоры Анриетта Фур.

Ол үкіметтер мен АТИ саласындағы компанияларды Интернеттегі балалар мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге, ата-аналар мен тәрбиешілерді балаларға бүкіл әлемде қауіпсіз мінез-құлықты үйретуге шақырды.

ЮНИСЕФ сарапшылары пандемия жағдайында үкіметтер балаларды қорғауға арналған әлеуметтік қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі керек, сонымен қатар балаларды Интернеттің жағымсыз жақтарынан қорғауға көмектесетін хабардарлық және білім беру бағдарламаларын кеңейтуі керек деп санайды.

Ақпараттық технологиялар индустриясының өкілдері, соның ішінде әлеуметтік желілер мазмұнды қадағалап, автоматты қауіпсіздік шараларын қолдануы, анықтамалық қызметтер мен сенім телефондарын орнатуы керек және сонымен бірге әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалардың білім алуына мүмкіндік беретін жақсартулар енгізуі керек.

ЮНИСЕФ-тің пікірі бойынша мектептер Интернеттегі балалардың қауіпсіздігіне өз үлестерін қоса алады, мысалы, балаларды дұрыс бағытқа бұрып, балаларға мектеп психологының қызметтеріне үнемі онлайн режимінде қол жетімділікті қамтамасыз ете алады.

Ата-аналар балаларға бағдарламалық және антивирустық бағдарламалармен көмектесуі керек. Ата-аналар балаларымен Интернетте қалай және кіммен сөйлесетіні туралы ашық сөйлесуі керек, Интернетті қалай, қашан және қандай мақсатта пайдалануға болатындығына, сонымен қатар балалардағы стресс белгілеріне назар аударуы керек.

Дереккөз: https://news.un.org/ru/story/2020/04/1376142

Фото дереккөз: unicef.org

Бөлісіңіз