Зерттеу: әлем тұрғындары вакцинациялауға қалай қарайды?

58 қаралу саны

Еуропа және Америка ғалымдары соңғы бес жылдағы 150 елдің вакцинаға көзқарасын қадағалап келіп, ресейліктердің тек 23%-ы оларды мүлдем қауіпсіз деп санайтынын анықтады. Бұл туралы ТАСС сайты хабарлайды.

Дүниежүзілік COVID-19 пандемиясы басталғанға дейінгі соңғы бес жыл ішінде көптеген елдер тұрғындарының вакцинаға қатысты пікірі қалай өзгергені туралы алғашқы ауқымды зерттеу жүргізілді. Аталмыш зерттеуді Лондонның гигиена және тропикалық медицина мектебінің (LSTHM) профессоры Хайди Ларсонның жетекшілігімен дәрігерлер мен әлеуметтанушылар тобы жасады. Осы зерттеу аясында ғалымдар 149 елде 284 мыңнан астам респондентке сауалнама жүргізді. Олар вакциналарды қауіпсіз, тиімді деп санай ма және адамзаттың өмір сүруі үшін маңызды ма деген үш сұраққа жауап берді. Осы сауалнамалардың нәтижелерін біріктіре отырып, ғалымдар адамзаттың вакцина тиімділігіне, қауіпсіздігіне және маңыздылығына деген сенімі соңғы бес жылда жаһандық деңгейде де, әлемнің елдерінің деңгейінде де өсті деген қорытындыға келді. Дегенмен Ауғанстан, Индонезия, Пәкістан, Филиппин, Польша және Оңтүстік Корея сияқты елдер бұл қатарға кірмейді. Соңғы екі жағдайда ғалымдар мұны үйлестірілген және белсенді вакцинацияға қарсы қозғалыстың пайда болуымен байланыстырады. Басқа елдерде, соның ішінде Ресейде, барлық үш көрсеткіш айтарлықтай өскен. Жекелеген елдер деңгейінде вакциналарға Уганда, Бангладеш, Ирак, Үндістан, Сирия, Өзбекстан және Африканың бірқатар елдері сенеді, ал Еуропаның көптеген елдері, сондай-ақ Жапония, Израиль, Қытай және Ресейде бұл рейтингінің соңында тұр.

Бөлісіңіз