Жұқпалы емес аурулардың алдын алу және онымен күрес COVID-19-ға қарсы оңтайлы жауап болуы тиіс

236 қаралу саны

«Ланцет» басылымының мақаласында жұқпалы емес ауруларға шалдығу қаупі бар адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін елдер бейімделуі мүмкін бірқатар іс-шаралар көрсетілген. Онда бүкіл өңірдің денсаулық сақтау органдарына жұқпалы емес ауруларды ескере отырып, COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл жасауда практикалық ойлар ұсынылған.

«Өңірдегі және бүкіл әлемдегі мәліметтер жұқпалы емес аурулармен өмір сүретін адамдардың алабөтен осал екендігін көрсетеді» деді ДДСҰ Еуропа бойынша аймақтық директоры және зерттеудің жетекші авторы доктор Hans Henri P. Kluge. «Мұның толық мөлшері жұқпалы емес аурулардың  диагноз қойылмаған көптеген жағдайларына байланысты белгілі болмауы мүмкін» деп қосты ол.


Ары қарай оқу:


«Сондықтан, жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оған қарсы күрес COVID-19-ға жауап беруде шешуші рөл атқарады. Егер COVID-19-ға жауап беру жұқпалы емес аурулардың қауіп-қатерін болдырмауға және бақылауға арналмаған болса, біз көптеген адамдар үшін олардың осалдығы артатын сәтте сәтсіздікке ұшыраймыз».

Денсаулық сақтау саласының нәтижелерін оңтайландыру және жеке адамдарға, әлеуметтік жағынан осал топтарға, негізгі жұмысшылар мен қоғамға пандемия ауыртпалығын азайту үшін денсаулық сақтаудың нәтижелерін оңтайландыру үшін COVID-19-ға оңтайландырылған жауап аса маңызды.

Осы мақалада ұсынылған COVID-19-ға жауап жұқпалы емес ауруларға қатысты негізгі жауаптарды қамтиды:

  • жұқпалы емес аурулар бойынша медицина қызметкерлерін COVID-19-ға жауап стратегиясын жоспарлауға тарту;
  • дене шынықтыру және сауықтыру сабақтары мен пайдалы рецепттер туралы Интернетте ақпараттар беру технологиясын пайдалану;
  • жұқпалы емес аурулармен өмір сүретін адамдарға күтімнің үздіксіздігін сақтау үшін телемедицинаны көбірек қолдану;
  • жұқпалы емес аурулармен ауыратын науқастардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық қызметтерге басымдық беру;
  • жұқпалы емес аурулармен ауыратын науқастарды және медициналық персоналды COVID-19 тестілеу үшін басымдық беру.

«Бұл мақала барлық өңірлердің денсаулық сақтау органдары үшін жұқпалы емес ауруларды ескере отырып, COVID-19 пандемиясына жауап әзірлеу кезінде маңызды ескертулерді ұсынады» деп түсіндірді доктор Джоан Бреда.

         «Созылмалы аурулары бар пациенттерде COVID-19 қаупі жоғары болғандықтан бұл аймақтағы медициналық қызметтерге қосымша ауыртпалық болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін жұқпалы емес ауруларды емдеумен айналысатын қызметкерлер, мүдделі тұлғалар мен пациенттер COVID-19-ға жауап стратегиясын жоспарлауға қатысуы керек» деп қорытындылады ол.

Дереккөз: ДДСҰ ЕӨБ сайты


Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз