Жаңа денсаулық сақтау министрі коронавируспен күрес жоспарын ұсынды

247 қаралу саны

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырған болатын. Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елдегі коронавирус жағдайының үш даму сценариін ұсынған.

Бірінші сценарий: Қазақстан карантин енгізбейді. Онда елде күніне вирус жұқтырған, ауруханаға жатқызуды қажет ететін шамамен 27 мың адам тіркеледі. Оларды ауруханаға жатқызу үшін 300 мың төсек-орын керек. Екінші сценарий: 2 аптаға ұлттық локдаун енгізіледі. Бұл жағдайда күніне коронавирус жұқтыру дерегі 7 мыңға дейін жетеді. Ауруханаларға 80 мың төсек-орын қажет болады.

Үшінші сценарий: 4 аптаға локдаун енгізіледі. Күнделікті жаңа пациенттер саны 2,5 мың болады. Ауруханаларда 30 мың төсек-орын қажеттілігі туындайды.

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Цойдың елдегі жағдайға талдау жасап, коронавируспен күрес жоспарын ұсынғанын хабарлаған едік. Сонымен қатар, министр азаматтар алдағы жылдары коронавируспен өмір сүруге үйренісуі керек екенін де айтты. Осы бағытта тәрбие жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік және еңбекке бейімделу құралдары енгізілмек. Сондай-ақ, Цой «үкіметпен бірге COVID-19-қа қарсы» қағидатын іске асыру үшін жүйелік шаралар әзірлеп, әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу қажеттігін де алға тартты. Бұл қағидат: дайындық, карантиндік (2-4 апта) және толықтай енгізу секілді 3 кезеңде жүзеге асырылады.

Tengrinews.kz хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы пандемияның басында қабылданған шаралар эпидемияның ушығуына жол бермеген деп санайды. Карантин кезінде қазақстандықтардың эпидемиологиялық сақтық дағдыларын әлі дамыта алмағанына байланысты ауру деңгейі жоғарылаған. Жағдай халықаралық ұсыныстардың үнемі өзгеріп отыратындығымен күрделене түскен, сондықтан азаматтардың билікке деген сенімсіздігі артып келеді. Нәтижесінде, Денсаулық сақтау министрлігі жағдайға талдау жасап, 10 негізгі шараны ұсынды:

  • Амбулаториялық негізде КВИ емдеудің қарапайым және түсінікті белгілерін дамыту;
  • Дәрілік заттарды жеткізу және сатып алу процесін жеделдету, отандық өндірушіні ынталандыру;
  • Диагностиканың қол жетімділігін арттыру – компьютерлік томографиямен қатар сандық рентген аппараттарын қолдану аясын кеңейту;
  • Тестілеуге арналған зертханалық қуатты кеңейту, тестерді уақытында жеткізу;
  • Мобильді топтардың қоңыраулар кезінде тест қоршауларын ұйымдастыру;
  • Пациенттерге үйден барынша қауіпсіз медициналық көмек көрсету;
  • Амбулаторлық деңгейде қашықтықтан кеңес өткізу;
  • Ауруханаларды өкпені жасанды желдету құрылғыларымен жабдықтау;
  • Жерлеу тәртібін өзгерту;
  • Азаматтардың эпидемиологиялық сақтығын арттыру.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Бөлісіңіз