Жалған ақпарат таратқанына өкінді

Фото: Жалған ақпарат таратқанына өкінді
185 қаралу саны

Ақсай қаласында вирус жұқтырған адам туралы жалған ақпарат таратқан жас жігіт ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған бұл видео осы қаладағы жанар-жағар май құю бекетінде түсірілген. Фейк авторы мұнда бір адамнан вирус анықталғанын және жедел жәрдемнің келгенін айтқан.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдегендей, 18 наурыз күні түсірілген қауесет видео авторы, Ақсай қаласының 32 жастағы тұрғыны халықтан кешірім сұраған. «Ролик түсіріп, онда кеніш қызметкерлерінің бірі вирус жұқтырғаны жөнінде айтқаным үшін кешірім сұраймын. Бұл – жалған. Анық ақпаратты тек ресми көздерден алуға болады» деді фейк таратушы.

«Бұл адамға осындай әрекеті үшін ескерту жасалды. Себебі, ол тек вирус деп айтқан, аузынан коронавирус деген сөз шықпаған. Оған қоса, істеген ісіне өкініп, жұртшылықтан кешірім сұрағандықтан жауапкершілікке тартылған жоқ» деді Б.Белгібеков.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз