Жалған ақпарат

Анықтау жұмысы аяқталды
144 қаралу саны

Алматыда коронавирус инфекциясының ошақтары анықталғаны туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпарат жалған. Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Әсет Мұқажанов бұл ақпараттың барлығы жалған екендігін мәлім етті.

Атап айтсақ, тарап жатқан ақпаратта індет тіркелген қауіпті аймақтардың тізімі көрсетілген. Олардың ішінде Бағанашыл шағынауданы, Гоголь-Сейфуллин, Гоголь-Қонаев көшелері, «Сұңқар» тұрғын үй кешені, «Алтай 1» шағынауданы көрсетілген. Сондай-ақ «вирус жұқтырғандардың мекенжайлары» деп 12 үйдің тізімі берілген.

Құрметті біздің оқырмандарымыз! Тек ғана ресми ақпаратқа назар аударыңыздар!

Бөлісіңіз