Жалған ақпаратқа тосқауыл қойылды

Жалған ақпаратқа тосқауыл қойылды
150 қаралу саны

Солтүстік Қазақстан облысында WhatsApp мессенджері арқылы аудан тұрғындарына қауіпті екпе ұсынылып жатқаны туралы хабарлама тараған. Хабарламада солтүстікқазақстандықтарды ешкімге есік ашпауға, әсіресе вирустық инфекцияға тест жасап, екпе қоямыз деп келетін дәрігерлер мен полицейлерді үйге кіргізбеуге шақырған. Тараған мәтін бойынша бұл екпе адам өмірі үшін қауіпті.

«Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті ресми түрде мәлімдейді: бұл жалған ақпарат. Полиция пәтерлерді тексеретін дәрігермен бірге жүрмейді, олар төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдай уақытында тәртіп сақшылары тәулік бойы блокпосттарда тұрып, коронавирус инфекциясы ошақтарын қорғайды» деп мәлім етті полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми дереккөздер таратқан тексерілген ақпаратқа ғана сенуге және бұқаралық ақпарат құралдарын күмәнді хабарламаларды таратпауға шақырады. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Фото сілтемесі: express-k.kz

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз