Жалған ақпараттың жолы қиылды

Фото: Жалған ақпараттың жолы қиылды
161 қаралу саны

Қостанай облысында WhatsApp желісі арқылы жалған ақпарат таратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«WhatsApp желісінде 2020 жылғы 29 наурызда Қостанай, Лисаковск, Рудный, Тобыл қалаларының карантинге жабылатыны туралы жалған ақпарат тарады. Осы дерек бойынша Меңдіқара ауданы, Қасқат ауылының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол әлеуметтік желіде Ломоносов ауылының тұрғындарына карантин туралы ескерту жасаған» деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір ер адамға Қр ҚК 274-бабы «ТЖ жағдайында ақпаратты көрінеу жалған тарату» бойынша айып тағылды. Оның кінәсі дәлелденсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз