Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 1-інші үкім.

Фото дереккөзі: Уральская неделя Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 1-інші үкім.
330 қаралу саны

Өткен айдың аяғынан CitizenGO платформасында Қазақстан азаматтарының профилактикалық екпе алу құқығын өзгеріссіз қалдыруға қатысты петицияға қол жинау науқаны басталды. Себебі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жаңа редакциясы бойынша енді әр азаматқа екпе салу міндеттеледі. Петиция әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырды (127 мың қол жиналды). Оған себеп – петицияда құқықтық дәлелдерден басқа, жалпы вакцинацияның тиімділігіне қатысты бірқатар дәлелсіз әрі нақты емес тұжырымдар бар.

Фактчекпен айналысатын мамандар, оның ішінде Фактчек.кз сайты осы орайда нақты фактіге негізделген бірқатар тұжырымдаманың рас/өтірігін тексеріп көрді. Нәтижесінде петициядан 5 манипуляция және 6 жалған тұжырымдама табылды. Фактчек.кз петицияның конспирологиялық теорияларға, фейктерге және ғылыми емес деректерге сүйенгенін дәлелдеп шықты.

Петицияның әшкерелеудің бірінші үкімі:

Антиваксерлер мәлімдемесі: «Ешбір вакцинаны толық қауіпсіз деп айтуға болмайды».

Фактчекерлер үкімі: Манипуляция.

Адам ағзасына жасалған кез келген медицианалық іс-әрекеттің қандай да бір әсері болады, яғни қауіпсіздік 100% болады деп ешкім айта алмайды. Сондықтан фармацевтикалық препараттың қауіпсіздігін анықтаған кезде арнайы мамандар нақты бір абсолютті шаманы айтпайды. Олар препараттан пайда болатын әсер мен осы препаратқа арналған аурудың симптомдары арасындағы арақатынасты ескереді. Бұл дегеніңіз, қазір нарықта бар препараттар (біздің жағдайда – вакциналар) ағзаға соншалықты ТЕРІС әрі ауру белгілеріне қарағанда ҚАТТЫ әсер етпейді. Демек, препарат – қауіпсіз.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Мұндай қорытынды клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулер негізінде жасалады. Мысалы, клиникаға дейінгі кезеңде зерттеулер жануарларға жүргізіледі. Себебі, олар «үлгі» ретінде жақсы келеді және адам ауруының негізгі параметрлерін көрсете алады. Үш сатылы клиникалық сынақ кезеңінде вакцинаның теріс әсері мен жиілігін анықтау үшін мыңдаған еріктілерді тестілеп көреді. Осының нәтижесінде препарат кімге қалай әсер ететіні туралы ақпарат нұсқаулыққа бірден ескерту ретінде жазылады. Кез келген вакцина теріс әсер етуі мүмкін, алайда олардың көпшілігі айтарлықтай зақым әкелмейді және бірнеше күннен кейін өтіп кетеді.

Егер сынақ кезеңінде вакцина құрамына қауіпсіздікті арттыру мақсатында қандай да бір өзгеріс енгізілсе, зерттеу процессі толығымен немесе кей жерлері қайтадан қайталанады. Препарат нарыққа шыққаннан кейін оны өндіруші компания оның қауіпсіздігі туралы есеп жасап отыруы қажет. Компания өз есебінде сол ауруды емдеу үшін бұған дейін пайдаланылған дәрілерді салыстырып отыруға және сирек кездесетін теріс реакцияларды тіркеуге міндетті.

Дереккөз: Фактчек.кз сайты

Фото дереккөзі: Уральская неделя


Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция

– жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 2-інші үкім.


Арзан және сапалы болса…

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz Дәл қазір коронавируспен күрестің ең жоғары сатысына келген тұста медицина үшін аса маңызды да өзекті нәрсе өкпені жасанды желдету аппаратының жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Онсыз күрестің пәрмені азаятыны айтпаса да түсінікті.

Кнопка домой
Бөлісіңіз