Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 2-інші үкім.

325 қаралу саны

Петицияны әшкерелеудің екінші үкімі:

Антиваксерлер мәлімдемесі: Ресей Денсаулық сақтау министрлігі кез келген егілген вакцинадан кейін бала 1 айдың ішінде қайтыс болуы мүмкін екенін мойындап отыр.

Фактчекерлер үкімі:  Жалған. 2019 жылы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі вакцинадан кейін пайда болатын асқынуларды тексеру және алдын алу бойынша әдістемелік ұсыныстар жариялады. Онда тек кәсіби ортаға арналған регламент бар еді. Міне, сол құжатпен танысып шыққан БАҚ өкілдері ондағы «Тергелуі тиіс аса ауыр ИКЖК (ВКА) тізімі мен олардың даму мерзімі» атты кестені тауып алады. Онда қайтыс болу оқиғалары мен екпелер арасындағы уақытша байланыс бар деген кішігірім ақпарат болған. Кейін бұл мәлімет ондаған материалға арқау болады.

Сондай-ақ, бұл біз жоғарыда көрсеткен петицияның ішіндегі тезистердің арасында жүр. Шын мәнінде, бұл кестеде вакцинадан кейін пайда болып, міндетті түрде тексерістен өтуі тиіс барлық асқынулар тізімі көрсетілген. Осыған қоса ол құжатта вакцинадан кейін пайда болатын асқынулар (осындай атауына қарамастан) вакцинамен немесе вакцинациялау процесімен байланысы болмауы да мүмкін екені атап көрсетілген.

Дәрігерлердің айтуынша, иммундау процессі кездейсоқ ауру немесе жалпы патологияның өршу уақытымен сәйкес келіп қалуы мүмкін. Бұл өз кезегінде медициналық тұрғыдан теріс жағдайдардың дамуына әкеледі. БАҚ-қа жарияланып, қоғамда кең талқыға түскен материалдардан кейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды. Олардың айтуынша, журналисттер медициналық құжатты дұрыс түсінбеген. Ал «Денсаулық сақтау министрлігі өлімге әкелетін екпелер тізімін жасады» деген хабарламалар, тіпті, қате. Министрлік «осы уақытқа дейін вакцинация салдарынан бірде-бір адам қайтыс болмағанын» айрықша атап өтті.

Дереккөз: Фактчек.кз сайты

Фото дереккөзі: Naked-science.ru


Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция

– жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 3-інші үкім.

Фото дереккөзі: Roberto Monaldo/LaPresse

Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой

Бөлісіңіз