Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 3-інші үкім.

Фото дереккөзі: Roberto Monaldo/LaPresse
348 қаралу саны

Петицияны әшкерелеудің үшінші үкімі:

Антиваксерлер мәлімдемесі: Кениядағы әйелдерді жаппай стерилизациялау сіреспеге қарсы вакцинация аясында жүргізілді.

Фактчекерлер үкімі:  Жалған. ДДСҰ сіреспеге қарсы вакцинаның қауіпсіздігі туралы қауесетті алғаш рет 1995 жылы жоққа шығарса, 2014 жылы бұл туралы тағы мәлімдеді. Халықаралық ұйымның айтуынша, сіреспеге қарсы вакцинада ешқандай ХГ гормоны жоқ. Мұндай қорытындыны дүниежүзі бойынша бірнеше зертхана шығарды.

Бұл зомби-фейктің тарихы 1994 жылдан басталды. Ол кезде Үндістан ғалымдары «әйелдерді бедеу қылатын вакцинаны» зерттеген. Ондағы идея – тасымалдаушы ретінде сіреспе анатоксинін пайдаланып, ағзаға ХГ-гормонның суббірлігін жеткізу. Себебі, бұл гормон жүктілік басталғаннан кейін пайда болады. Нәтижесінде иммундық жүйе жүктілік кезінде осы гормонды жоюға үйренеді (процессті кері қайтаруға болады).

Айтпақшы, ДДСҰ-ның бұл зерттеуге ешқандай қатысы жоқ. АҚШ-та орналасқан аборттарға қарсы Рим-католик бағытындағы Human Life International ұйымы осы зерттеулерді негізге ала отырып, билікті Мексикада болған сіреспеге қарсы вакцинация бағдарламасын тексеруге шақырды. Өйткені, вакцина құрамында әйелдерді бедеу ететін ХГ болуы мүмкін еді. Мұндай жаңалықтан кейін әлемнің басқа елдері (соның ішінде, көптеген Африка мемлекеттері) бұл қиялды өз өміріне араластыра бастайды. Алайда бұл жай ғана фейк еді.

Дереккөз: Фактчек.кз сайты

Фото дереккөзі: Roberto Monaldo/LaPresse


Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция

– жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 4-інші үкім.

Фото дереккөзі: Britannica.com Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 4-інші үкім.

Арзан және сапалы болса…

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz Дәл қазір коронавируспен күрестің ең жоғары сатысына келген тұста медицина үшін аса маңызды да өзекті нәрсе өкпені жасанды желдету аппаратының жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Онсыз күрестің пәрмені азаятыны айтпаса да түсінікті.

Кнопка домой
Бөлісіңіз