Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 4-інші үкім.

Фото дереккөзі: Britannica.com Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 4-інші үкім.
422 қаралу саны

Петицияны әшкерелеудің төртінші үкімі:

Антиваксерлер мәлімдемесі: VAERS-ке сәйкес, 2006 жылдан бастап 2019 жылға дейін АҚШ-та АПВ екпесінен кейін <…> 3000 адам мүгедек болып қалды, 480-і қайтыс болып, 300-ден астамында жатыр мойнының дисплазиясы және 400-ден астамында жатыр мойнының обыры пайда болды.

Фактчекерлер үкімі: Жалған. VAERS деген – АҚШ-тың вакцинациядан кейін пайда болатын теріс әсерлер туралы хабар алмасатын мемлекеттік жүйесі. Ресми сайттағы дисклеймерді сөзбе-сөз аударып берейік. Сонда барлығы түсінікті болады: «VAERS есептері вакцинаның қауіпсіздігін бақылау үшін өте маңызды. Алайда, олар вакцина салдарынан қандай да бір ауру пайда болды немесе ол біреуге теріс әсер етті дегенді анықтау үшін пайдаланылмайды. Есептерде толық емес, нақты емес, кездейсоқ немесе тексерілмеген ақпарат болуы мүмкін. VAERS-ке есептер, көбіне, еріктілерден келіп түседі, сондықтан мәлімет біржақты болуы да ықтимал. Сол себепті бұл деректерді ғылыми салада пайдалануға шектеу бар».

Дереккөз: Фактчек.кз сайты

Фото дереккөзі: Britannica.com


Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция

– жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 5-інші үкім.

Фото дереккөзі: Statnews.com Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 5-інші үкім.

Кнопка домой

Бөлісіңіз