Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 5-інші үкім.

Фото дереккөзі: Statnews.com Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. 5-інші үкім.
372 қаралу саны

Петицияны әшкерелеудің бесінші үкімі:

Антиваксерлер мәлімдемесі: Сіреспе мен дифтерия ауруына «ұжымдық иммунитет» ұғымы жүрмейді. Екпесі бар (дифтериядан – авт.ред.) адамның өзі басқаларды жұқтырып жүре береді, себебі өзінен аурудың айқын белгілерін байқамайды.

Фактчекерлер үкімі: Манипуляция және жалған. Ұжымдық иммунитет инфекция қоздырғышының индивидтен индивидке тікелей таралу арналарын жабу (әлсірету) арқылы аурудың кейбір популяция арасында таралуын тоқтатады. Сіреспе кезінде ұжымдық иммунитет қалыптаспайды, өйткені, инфекция адамнан адамға берілмейді, ауру қоршаған ортадан келеді.

Алайда, сіреспенің дәл осы ерекшелігі оған қарсы қолданылатын вакцинацияның маңызын арттырады. Айналаңыздағы барлық адам екпе алған күннің өзінде, бұл сіз аурудан толық қорғалдыңыз дегенді білдірмейді. Осыған қоса бір ауырып шықсаңыз да, сіз де, қасыңыздағы адамдар да ауруды қайта жұқтыруы әбден мүмкін.

Вакцина – қазіргі кезде сіреспеден қорғаудың бірден-бір тиімді тәсілі. Дифтериямен жағдай күрделірек, алайда осы уақытқа дейін ғалымдар келесіні анықтаған: дифтерияға қарсы вакцинация қолданылатын жерде ұжымдық иммунитеттің әсері пайда болады. Вакцина құрамында дифтерияны тудыратын бактерияның залалсыздандырылған уы (анатоксин) болады. Вакцинациядан кейін ағза бактерияның өзін емес, тек табиғи бактериялық токсинді залалсыздандыра алатын антиденелерді синтездейді. Демек, екпе алған адамдар қасындағыларды дифтериямен жұқтыруды жалғастыра береді деп күтуге болады.

Себебі, олардың вакцинадан кейінгі иммунитеті бацилланың өзін емес, тек оның уын ғана (ауыр клиникалық ауру тудырады) тоқтатады. Дегенмен дифтерияға қарсы вакцина жаппай қолданысқа енгізілгеннен кейін инфекцияның таралуы төмендей бастады.

Ғалымдар бұл парадоксты былай деп түсіндіреді: дифтерия жұтқыншақта қалып қою үшін оған оның токсині қажет, алайда (бөлінетін токсиннің алғашқы бөлігін бірден тоқтататын) вакцинадан кейін пайда болатын иммунитетке байланысты бактерия белсенді көбейе және тарала алмайды. Осылайша, вакцина екпе алған адамды дифтерияны жұқтырудан емес, басқаларға таратпаудан және ауру симптомдарының дамуынан қорғайды.

Дереккөз: Фактчек.кз сайты

Фото дереккөзі: Statnews.com

Кнопка домой

Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Бөлісіңіз