Жалпыға ортақ вакцинацияға қарсы петиция – жалған ақпарат пен манипуляция жиынтығы. Тағы қосымша бес үкім.

Фото дереккөзі: Zdrowie.radiozet.pl
346 қаралу саны

Петицияны әшкерелеудің қосымша бес үкімі:

Антиваксерлер мәлімдемесі:  Екпе алмаған адамдар да қауіпсіз, олар В гепатитін мектеп оқушылары арасында таратпайды <…> В гепатитін жұқтырудың негізгі жолдары – жыныстық қарым-қатынас пен қан, сондай-ақ медициналық емшара кезінде стерильді емес медициналық құралдарды пайдалану.

Фактчекерлер үкімі: Манипуляция. Расымен, В гепатиті ағзада, негізінен, қан немесе жыныстық қатынас арқылы пайда болады.  Алайда. инфекция анадан (құрсақта немесе босану кезінде) балаға да берілуі мүмкін. Осы орайда айта кететін жайт, ДДСҰ мәліметі бойынша, науқас анадан ауру жұқтырған нәрестелердің 90%-ында созылмалы гепатит дамиды. Ал ауруды ересектер жұқтырған кезде созылмалы түрі тек 2-6%-ында ғана болады. Дәл осы себеп үшін де В гепатитіне қарсы вакцинация екпенің ұлттық күнтізбесінде маңызды күн болып саналады. Өйткені. басты мақсат – оқушыларды не ересек адамдарды қорғау емес, нәрестелердің денсаулығын аман сақтау. «Биомолекула» ғылыми-көпшілік сайт авторларының айтуынша, егер В гепатиті созылмалы түрге көшсе, онда болашақта не боларын болжау қиын. Олардың сөзінше, адамда 5 жыл ішінде 8-20% ықтималдықпен бауыр циррозы дамуы мүмкін. Ол өз кезегінде әр бесінші жағдайда бауырдың мүлдем жұмыс істемей қалуына әкеледі. Осыған қоса, жыл сайын цирроз салдарынан 1-5% жағдайда бауыр обыры дамуы мүмкін.

Антиваксерлер мәлімдемесі:  Полиомиелит біздің елде 1996 жылдан бері мүлдем кездескен емес.

Фактчекерлер үкімі: Манипуляция. «Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы полиомиелиттен азат ел. Алайда. Қазақстан халқы көп қоныс аударатынын ескерсек, полиовирус елге еніп кетуі және екпе алмаған халықтың арасында тез тарап кетуі мүмкін» дейді Денсаулық сақтау министрлігі. Дүниежүзінде бірінші типтегі жабайы полиовирус адамдар арасында кең тараған екі мемлекет қана қалды. Ол –  Ауғанстан мен Пәкістан. Екеуі де Қазақстанға жақын орналасқан. Сондай-ақ екі елмен тұрақты әуе қатынасы жолға қойылған. «…жаппай вакцинацияны дүниежүзі ауқымында соңына дейін жеткізу өте маңызды, әйтпесе сырттан әкелінген жағдайлар пайда болады. Себебі, ауру тарап кетуі үшін бір адам да жеткілікті болуы мүмкін» дейді полиомиелит туралы айтқан «Биомолекулалар» авторлары.

Антиваксерлер мәлімдемесі:  Бала кезде (қызылша, қызамық, паротит, көкжөтел –ред.) ауырып шыққаннан кейін өмір бойы иммунитет қалыптасады.

Фактчекерлер үкімі:  Манипуляция. Жабайы қызылшамен бір ауырып алған адамда, расымен, бұл аурудан өмір бойына иммунитет пайда болады. Сонымен қатар аурудан кейін 2-3 жыл ішінде адамда иммуносупрессия сақталады. FactCheck.kz бұған дейін қызылша иммундық жүйенің жасушаларын әлсірететіні туралы жазған болатын. Ол жасушалар ағзаға ертеректе кездескен басқа көптеген аурулармен қалай күресу керек екенін «есте сақтайды». Қызамық да өмір бойына иммунитет қалыптастырады.


Арзан және сапалы болса…

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz Дәл қазір коронавируспен күрестің ең жоғары сатысына келген тұста медицина үшін аса маңызды да өзекті нәрсе өкпені жасанды желдету аппаратының жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Онсыз күрестің пәрмені азаятыны айтпаса да түсінікті.

Алайда, кейбір басқа инфекциялар да клиникалық тұрғыда қызамыққа ұқсас болып келеді, сондықтан «мен қызамықпен ауырдым, енді менде иммунитет бар» деп айтуға болмайды. Бұл туралы мамандар ескертеді. «Жалпы алғанда, табиғи жолмен пайда болған инфекция ауруға қарсы өмір бойы қорғаныс бола алады, алайда қайта ауырған жағдайлар да тіркелген» деп жазады ДДСҰ паротитке қатысты. Көкжөтелге қарсы вакцинация жасатсаңыз да, бір ауырып шықсаңыз да, ауруға немесе реинфекциядан қорғайтын өмір бойғы иммунитет пайда болмайды. Алайда, екінші және одан кейінгі рет ауырған кезде ауру әлдеқайда жеңіл өтеді.

Антиваксерлер мәлімдемесі: БЦЖ туберкулезден қорғамайды.

Фактчекерлер үкімі: Жалған. «Әрдайым БЦЖ індет жұқтырудан қорғамайды және микобактериялар ағзаға бәрібір түседі деп саналатын. Алайда, соңғы мәліметтер бойынша екпе арқылы кішкене болса да қорғануға болады, яғни ол жұқтыру қаупін 20% -ға төмендетеді» деп жазады Meduza ДДСҰ-ның туберкулезге қарсы жаһандық күрес туралы баяндамасына сілтеме жасай отырып.

БЦЖ вакцинасы туберкулездің ең ауыр түрлеріне қарсы тұра алатынымен ерекше. Мысалы, ол туберкулез менингитіне және милиарлық туберкулезге қарсы өте тиімді. Алайда, екпе, негізінен, балаларға жақсы әсер етеді: нәрестелер арасындағы тиімділік 82% болса, мектеп жасына қарай 64%-ға дейін төмендейді. 16 мен 36 жас аралығында вакцинаны тек жұқтыру қаупі жоғары адамдар ғана алады.

Антиваксерлер мәлімдемесі: Кез келген вакцинацияда <…> адъювант салдарынан улы әсері болады.

Фактчекерлер үкімі: Жалған. Біріншіден, вакциналардың көбінде адъюванттар болмайды. Бұл заттар құрамына жоғары тазаланған антигендер (Б гепатиті, АВП) немесе анатоксиндер (дифтерия, сіреспе) бар вакциналардың ғана иммундық әсерін күшейтеді. Екіншіден, вакциналарда көбіне адъювант ретінде алюминий гидроксиді немесе фосфаты қолданылады. Алюминий көптен бері қолданылып келеді және жақсы зерттелген. Оның қауіпсіз болуының басты себебі – азғантай табиғи қолжетімділігі (жүйелі қан айналымына жеткен тұрақты дәрінің егілген дозасының шамасы).  Осы орайда ғалымдар мен дәрігерлер нақты сандар келтіреді.  Вакцинаны 5 кг ғана салмағы бар балаға еккен күннің өзінде алюминий адъюванттың дозасы қауіпсіз диапазонға кіреді және тін жинақталуына әкелмейді.

Дереккөз: Фактчек.кз сайты

Фото дереккөзі: Zdrowie.radiozet.pl

Кнопка домой
Бөлісіңіз