Жас дәрігер жазбасы: Вакцинаға қарсы шығушылардың бәрі – балалық шағында екпе алғандар

Фото Данияра Садыкова. Записки молодого врача: Как врач, понимаешь, что прививка нужна
31  689 қаралу саны

Көптеген дәрігерлер Қазақстанда вакцинация туралы пікірталастарға қатыса бастады. Өйткені, ерінбегеннің бәрі пікір білдіріп жатқан тақырыпта олардың үндемей қалуы тіпті түсініксіз болар еді. Бүгін педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жас педиатры Данияр Садықовтың Facebook-тағы жеке парақшасындағы ойларымен бөліскенді жөн көрдік.

Данияр Садықов: Соңғы екі күнде мен вакцинация тақырыбындағы пікірталастың өрши түскенін байқадым. Қанша адам, сонша пікір. Біреулер вакцинацияны қолдайды, біреулер қарсы. Бұлардың бәрі – балалық шағында  вакцинация жасатқан адамдар.

Балалармен жұмыс кезінде сіз вакциналар қажет екенін түсінесіз. Көптеген адамдар бала вакцинадан кейін көп жағдайда мүгедек болып, қоғамға қажетсіз болып қалады деп айтады.

Мен де осы тақырыпта пікірімді білдіруге бел будым.

Егер баланың қандай да бір ауруы болса, ол ештеңеге қарамай ауырып қалады. Ия, сіз бәрінен бас тартсаңыз да, өйткені ДНҚ-да сақталған ақпарат бәрібір өзіне қажетті сәтті тауып алады.

Вакцинацияның қауіптілігі туралы бар даусымен айқайлаған барлық антиваксерлердің өздері бала кезінде вакцинацияланғанын ұмытып қалған сияқты. Ал шынтуайтында олар вакциналардың арқасында көптеген жұқпалы аурулардан зардап шегуден құтылып кетті.

Вакциналардың арқасында көптеген жұқпалы ауруларды емдеуге болатындығын әркез ескеру керек. Егер адамдар вакцинаны ойлап таппағанда, бүгінгі күніміздің қандай болатынын көзге елестетудің өзі қорқынышты!

Әрине, сіз ата-ана ретінде балаңызды вакцинациялау туралы ойлайсыз, бірақ дәрігер ретінде сіз оның қажет екенін толық сезінер едіңіз.

Вакцинаның сапасы туралы: егер оның сапасына сенімді болмасаңыз, жақсысын  сатып алыңыз!

Балалардың жұқпалы аурулардан өлімге ұшырайтынын ескере отырып, мен балаларға вакцинация жасау үшін дауыс берген адамдарды толық қолдаймын. Қазір әлем тыныштықтан айырылды, барлық адамдар вакцина іздеп жүр. Сондықтан да балаңызға вакцинация қажет екенін дұрыстап ойланыңыз!

Дереккөз: автордың Facebook-тағы жеке парақшасы


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Кнопка домой

Бөлісіңіз