Жеңілдік жасалды. Бүгін ұшақ жолаушылары үшін ПТР-тесттің құны биоматериалды қоса алғанда 14 346 теңгені құрайды

Фото дереккөзі: Mgorod.kz Жеңілдік жасалды. Бүгін ұшақ жолаушылары үшін ПТР-тесттің құны биоматериалды қоса алғанда 14 346 теңгені құрайды
301 қаралу саны

Бәрімізге белгілі, 1 мамырдан бастап еліміздегі ірі қалалар арасында ұшақ қайта ұша бастады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талабы бойынша жолаушыдар ұшу алдында міндетті түрде ПТР-тест тапсырулары керек. Бұл ұшу барысында жолаушылар мен экипаж мүшелері үшін ауру жұқтыру қаупін төмендету үшін қажет.

Мұндай талап тек ғана біздің елімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде енгізілді. Үш-төрт күннің айналасында әлеуметтік желіде бұл тақырып та отқа құйған майдай лапылдап-ақ тұрған. Өз парақшаларында пост жазған желі пайдаланушылар ПТР-тестің бағасының қымбаттығына шағымданған. Басқа елдерге қарағанда иманжапырақ баға бүгін тағы да арзандатылды.

«Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің маркетинг және инновациялар жөнінде директоры Алексей Баласьтың айтуынша ұшақпен ұшатын жолаушылар үшін жеңілдік жасалады.

«Біз жолаушыларға қадам жасап, әуе билеттеріне дисконтты картамен есептелетін жеңілдік жасадық. Сонымен бүгінгі таңда тесттің құны барлық жеңілдікті, биоматериалды қоса алғанда 14 346 теңгені құрайды. Ал бала, мүмкіндігі шектеулі адам, зейнеткер сияқты әлеуметтік жеңілдігі бар жолаушылар үшін тағы 5% жеңілдік қосылып, тест құны биоматериалды қоса алғанда 13 549 теңге болады»  деді ол.

Лондонда 299 фунт немесе 120 мың теңге, Анкарада 150 доллар/64 мың теңге, Дубайда 370 дирхам/43 мың теңге, Нью-Йоркте 290 доллар/123мың теңге, Киевте 2400 гривен/38 мың теңге, Мумбайда (Үндістан) 4500 рупий/25 мың теңге тұратын тест бізде 14 346 теңге тұрады. Жеңілдік пе? Әрине!

Фото дереккөзі: Mgorod.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз