Жедел жәрдем қызмет көрсетуден бас тартса азаматтар қайда жүгіне алады?

213 қаралу саны

Жедел жәрдем қызмет көрсетуден бас тартса азаматтар қайда жүгіне алады? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінен жауап берілді: «Дәл қазір және дәл осы жерде» қағидаты бойынша мәселелерді жедел шешу үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 1406 байланыс орталығы құрылған. Осы нөмірге хабарласқан адам ем-дом бойынша кеңес немесе медициналық көмек ала алады. Шағымды да осы нөмірге қалдыруға болады».

1406 байланыс орталығы 24/7/365 режимінде жұмыс жасайды.

Сонымен бірге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Qoldau 24/7» мобильдік қосымшасын іске қосқан.

Дереккөз: ҚР ДСМ

Бөлісіңіз