«Жэньминь жибао» (People Daily): Қазақстан астанасында қалалық жұқпалы аурулар орталығы ашылды

«Жэньминь жибао» (People Daily): Қазақстан астанасында қалалық жұқпалы аурулар орталығы ашылды
367 қаралу саны

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында жұқпалы аурулар орталығын 13 күнде салып болды, деп хабарлайды «Жэньминь жибао» Қытайдың «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Әзірге коронавируспен ауырғандар емделетін бұл орталықта 20 орындық жансақтау бөлімі бар. Одан бөлек жұқпалы ауруларға арналған бес бөлім жұмыс істейді. Бұл жердегі 200 төсек-орынның 100-інде жасанды тыныс алдыру құрылғысы қойылған. Орталық инфекцияны бақылау стандарттарына сай келеді. Ең бастысы – бұл жердегі палаталардың ішіндегі ауа ешқашан дәліз жаққа шығып кетпейді.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Ерекше кешен екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөлікте ауру жұқтырған науқастар жатса, екінші бөлікте тек қана дәрігерлер жүреді. Бұл медициналық қызметшілерді жұғымданудан сақтайды. Жобаның жалпы құны – 5,5 миллиард теңге. Сонымен бірге коронавируспен ауырғандар емделетін бұндай орталықтар Алматы мен Шымкент қалаларында да салынып жатыр» деп жазады «Жэньминь жибао» сайты.

Дереккөз: «Жэньминь жибао» сайты

Фото дереккөзі: НЦОЗ

Кнопка домой
Бөлісіңіз