«Жэньминь жибао»: Қазақстанға – 5 тонна гуманитарлық көмек

«Жэньминь жибао»: Қазақстанға – 5 тонна гуманитарлық көмек Фото сілтемесі httpskaztag.kzrunewskazakhstan-dostavil-v-kitay-gumanitarnuyu-pomoshch-v-vide-medizdeliy-v-obeme-13-6-tonny
212 қаралу саны

Қытай үкіметі коронавирус инфекциясымен күреске көмектесу үшін Үрімжіден Қазақстанға медициналық сарапшылар тобын аттандырды, деп хабарлайды «Жэньминь жибао».  

«Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды өлкесінен 10 дәрігер Қазақстан астанасына аттанды. Олар – Шыңжаң халық ауруханасы, Шыңжаң медициналық университетінің бірінші ауруханасы, Шыңжаң дәстүрлі қытай медициналық ауруханасы, Іле-Қазақ автономиялық округінің Достық ауруханасы мен Іле-Қазақ автономиялық округінің аурудан сақтану және алдын алу орталықтарының ең білікті мамандары. Қытайлық делегация құрамында интенсивті терапия, инфекциялық бақылау, пульмонология, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандары бар. Сонымен қатар делегация құрамында жаңа коронавирус инфекциясымен күресте тәжірибесі бар медбике де жіберілді» деп жазады «Жэньминь жибао» сайты.

Аталған басылымның жазуынша, коронавируспен күрес шаралары аясында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды өлкесі Қазақстанға 5 тонна гуманитарлық көмек те атаған. Гуманитарлық жүкте 49 600 дана бір реттік медициналық маска, 4 800 дана N95 үлгісіндегі маска, 2 000 дана қорғаныс киімі, 2 дана өкпені жасанды желдету аппараты және басқа да медицина мамандарына қажет қорғаныс құралдары жіберілген.

Фото сілтемесі: kaztag.kz

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз