Жібек Жолдасова: Антиваксерлердің мемлекетті халықтың жауы көретіні мүлдем түсініксіз

Фото: Medportal.gocb.by
231 қаралу саны

Танымал қазақстандық психотерапевт Жібек Жолдасованың  антиваксерлерге ашық хаты вакцинация төңірегіндегі көптеген сұрақтарға нақты және дәлелді жауап екені даусыз. Әрине, бұған вакцина қарсыластары не уәж айтар екен?!

Жібек Жолдасова: Кеше Сергей Дувановтың тікелей эфирінде вакциналар туралы айтуға үлгере алмаған жайттарды мен осында жазып отырмын.

Барлық елдерде «міндетті вакцинация» деген ұғым бар және оған ешкім де қылыш алып жүгірмейді.

«Еріктілік» сөзі сізге не береді? Бәрі бірден өз еркімен екпе жасауға асығады ма? Бүл – мен сенбейтін нәрсе. Адам психикасын білетін психиатр ретінде мен мұнан әрі адамдар екпені жылы жауып қоя салатынына бек сенімдімін. Біз Швецияның менталитетіне жетуіміз үшін айшылық жерді шалуымыз керек, сондықтан өзімізді олармен салыстыру мүлдем орынсыз. Солай дегеннің өзінде де Швецияда балалардың 96 пайызы вакцинацияланған, 4 пайызы медициналық тұрғыдан бас тартуға мәжбүр.

Қызылша вакциналар пайда болғанға дейін «балалар тажалы» деп аталды. Вакцинамен жұқтырмауға болатын барлық инфекциялар баланың ойыны, бақсының жыны емес, иммунитет оларға қарсы тұра алмайды.

Мысалы, паротитті алайық: көптеген балаларда паротит вирусы миға еніп, полиомиелит тәрізді күйді тудыруы мүмкін. Полиомиелит вирусымен де дәл осындай жағдай, вирус параличке және өмір бойғы мүгедектікке алып келеді. Паротиттан кейін ер балалар ұрықсыз қалуы мүмкін. Қызылшадан кейін бала бірнеше жыл бойына ЖИТС вирусындағыдай иммунитет тапшылығымен өмір сүреді, тіпті ол қызылша ауруынан аман қалғанның өзінде  де басқа инфекциядан оңай ажал құшады.

Вакциналардың сапасы сатылымға жіберілмес бұрын бірнеше рет тексеріледі – Францияда, Үндістанда және Жапонияда …

Егер антиваксерлер өте мұқият болса, олар вакцина зауытына қоңырау шалар еді, сол кезде олардың барлық сұрақтарына жауап берілер еді, вакцина жасаушылар тестілеудің барлық кезеңдерінің нәтижелерін, қорытындылары мен ұсыныстарын жіберер еді. Әр қаптамада зауыттардың телефондары мен мекен-жайлары  көрсетілген.

Антиваксерлер тіпті қоңырау шалғанның өзінде де, арам пиғылдарын жалғастыру үшін онысын жасырып қалады. Әрбір вакцина адамдар тонналап жұтудан қорықпайтын дәрілерге қарағанда әлдеқайда көп сынақтардан өтеді. ДДСҰ өзі мақұлдаған барлық вакциналарды тағы бір рет тәуелсіз тексеруден өткізеді.

Жапондық вакцинаның қалай кері қайтарылғаны есіңізде ме? Қазір көпшілік мұның мәніне үңілместен «көзір» қылып жүргенін қайтерсіз?! Жапондықтар өз аттарына кір келтірмеу  үшін, өздері шығарған өнімнің сапасы үшін вакцинаны кері қайтарып алды. Сынақ нәтижелері көрсеткендей, 90 000 вакцина құйылған бөтелкенің үшеуінен иненің жасуынан да өтпейтін кішкене пластикалық қаңқаша табылған. Осыған бола барлық өнім кері қайтарылды.

Ешқандай  вакцина өлімге және асқынуларға алып келмейді.

Мысалы, сіз құлпынай жедіңіз және сізде одан анафилактикалық шок бар. Кім кінәлі? Құлпынай? Сіздің саяжайыңыздағы жеміс қатары ма? Жоқ, құлпынайды жау деп қабылдаған сіздің ағзаңыз кінәлі. Вакцинада да осындай жағдай.

Сіз оның себептерін талдай аласыз: сіз жүктілік кезінде не жедіңіз, шылым шектіңіз бе  немесе алкоголь іштіңіз бе, тәтті мен фаст-фуд көп жедіңіз бе, консерванттарды көп қолдандыңыз ба? Бала біткен кезде әйел мен ер адамның дені сау болды ма? Сіз балаңызды тәттімен тамақтандырдыңыз ба? Жүктілік кезінде қандай дәрі қабылдадыңыз және неге өзіңіз ауру кезіңізде босануға ыңғай бердіңіз?

Осының бәрі – дененің өзгерген реакциясы үшін қауіптер. Мәселен, анасы дәрігер қабылдауында нұсқаулар алады: вакцинадан 2 күн бұрын зиянды өнімдерді диетадан шығарып, күніне бір рет аллергияға қарсы препараттар бере бастаңыз, вакцинадан кейін екі күн беріңіз.

Балаға вакцинация жасалды, ол жылай бастады делік, анасы не істейді? Баласын жұбатқан оның сөзін тыңдаңыз: «Жылама, кеттік, мен саған шырын мен шоколад алып беремін». Сонда дәрігердің  нұсқауы қайда қалды?

Егер жоғарыда аталған қауіптер жоқ жағдайда асқынулар болса, онда генетикасының ерекшеліктеріне байланысты шамадан тыс реакция жасайтындарды есептеуді үйрену үшін мұндай балалардан генетикалық материал жинау керек.

Бұл менің кешегі қарсыластарым мен жүргізуші түсінгісі келмеген басты шартым болды. Әлемдегі бірде-бір ел, бірде-бір ғалым немесе профессор ондай балаларды анықтай алмайды. Бұл жерде тек қауіп туралы шулай берудің пайдасы жоқ, алға жылжудың жолдарын қарастыру керек.

Сынап туралы. Вакциналарда таза сынап жоқ, бірақ сынап пен этилат қосындысы бар.

Бұл зат көпдозалық вакцинаның бір ампуласынан бірнеше инъекция жасағанда ерітіндіні таза күйінде сақтап тұру үшін қолданылады.

Ол бір дозалық вакциналарға қосылмайды. Этил сынабы өте зиянсыз зат болып табылады және денеден бірнеше сағат ішінде шығарылады. Оның дозасы өте төмен, оны сәбилер оңай қабылдайды.

Бірақ одан да зиянды зат – сынап метилаты денеде ұзағырақ отыра алады және ол ең пайдалы балықтардың бірі болып табылатын тунец балықтарында бар. Суши жегенді жақсы көретіндердің  сынап метилатынан өлгенін естідіңіз бе? Мен естіген емеспін.

Гардасил – жатыр мойны обырын тудыратын папиллома вирусына қарсы вакцина.

Менің қайын апам жатыр мойны обырынан 49 жасында қайтыс болды. Қызы бала кезінен жетім қалды. Егер бұл вакцина бұрын ойлап табылса, күйеуімнің апасы тірі болар еді. Қазір бұл вакцинаны бірнеше танымал фармацевтикалық компаниялар шығарады.

Еуропада, Америка Құрама Штаттарында ұлдарға да, қыздарға да екпе жасалады. Қазақстанда жатыр мойны обыры туралы статистика: жыл сайын 1700 жаңа науқас анықталады, жыл сайын бұл қатерлі ісіктен 600 адам қайтыс болады.

Антиваксерлер мемлекет халықты ауруға шалдықтырғысы келеді дегенді қайдан алып жүр?

Керісінше, елге сау адамдар қажет. Неғұрлым сау болса, соғұрлым көп жұмыс жасаса, мемлекет соғұрлым көп салық алады. Мұны түсінбеу үшін адам соншалықты аңғал болуы керек шығар.

Бұған қоса антиваксерлер ұжымдық иммунитетті миф деп санайды.

Тағы бір мысал. Табиғатта құмырсқалар мен балықтардан бастап пингвиндер мен буйволдарға дейін көптеген әлеуметтік жануарлар бар. Африканың буйволын алыңыз. Буйболдың табыны (бұл ұжымдық иммунитет) арыстанның прайдымен (ол сол баяғы қызылша) күресуге өте жақсы бейімделген. Буйволдар мүйіздерін сыртқа беріп шеңбер құрайды, ал шеңбер ішінде әлсіреген туыстары мен жас төлдер (медициналық тұрғыдан бас тартуға мәжбүр болғандар) тұрады.

20 бас табынды алайық, олардың 15-і қорғайды, ал 5-і шеңбердің ішінде болады. Бұл жағдайда арыстанның прайды әлсіздерге жете алмайды. Егер кейбір буйволдың сідігі басына шауып, «мен – күштімін,  арыстанды өзім-ақ жайғарамын» деп әліне қарамай әлекке түссе,  жалғызбасты буйвол арыстанның кешкі асына айналды дей беріңіз. Жалғыз бұқалар үйірден бөліне берген сайын табынның да өлу ықтималдығы жоғарылай береді.

Сондықтан айналада неғұрлым көп бала егілсе, медициналық тұрғыдан бас тартқан балалардың да дені сау болып, өздеріне және қоғамға пайда әкелу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Ал антиваксерлер әлсіз балаларды бұл мүмкіндігінен айырып отыр, яғни оларды өздеріне қатысты талап ететін бостандығынан айырады.

Адъюванттар. Бұл иммундық жауапты күшейтетін заттар. Минералды, эмульсиялық  және т.б. адъюванттар бар.

Вакциналардағы минералды адъювант құрамында алюминий қосылысы бар. Ол өте қауіпсіз, өте аз мөлшерде, бірнеше күн ішінде денеден оңай шығарылады. Неліктен бірнеше күн? Адъюванттар жеңілдетілген вакциналарға қосылады: бұл жасушасыз вакциналар, онда тұтас микроб жоқ, тек оның бөліктері. Микроб бөліктеріне  иммунитеттің пайда болуы әлсіз.

Ал өлі немесе әлсіреген микробтары бар жасушалық вакциналар үшін иммунитет толық қалыптасады, бірақ реакциялар көп. Яғни, жасушасыз вакцина үшін температура 37,5-38, ал жасуша үшін 38,5-39 болады. Сондықтан жасушасыз вакцинаға иммунитетті қамтамасыз ету үшін адъюванттар қосылады. Олар вакцина мен иммунитеттің жасушаларын өзіне тартады, сондықтан жергілікті реакция күшті болуы мүмкін (аяқ немесе қол қызарады), бірақ жалпы реакция аз болады.

Аутизм, дамудың кідірісі, энцефалопатия.

1998 жылы американдық бір дәрігер өзін және бүкіл вакцинацияны ұятқа қалдырды. Ол 2 баладағы аутизм ауруын вакцинамен байланыстыруға тырысты. Оның үстіне, ол колоноскопия жасап, оларды дәлелсіз тексерді. Және оны журналға жариялады. Ал бұл тапсырыспен жазылған мақала  болып шықты, өйткені бұл дәрігер вакцина ойлап тапқан және кейбір адамдардың көмегімен басқа вакцинаға күйе жаққысы келген.

Айтпақшы, Де Нироның қатысуымен түсірілген фильм вакциналар мен аутизмнің байланысының дәлелі ретінде менің постымның комментарийлерінде 100500 рет жазылды.


Арзан және сапалы болса…

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz Дәл қазір коронавируспен күрестің ең жоғары сатысына келген тұста медицина үшін аса маңызды да өзекті нәрсе өкпені жасанды желдету аппаратының жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Онсыз күрестің пәрмені азаятыны айтпаса да түсінікті.

Кейін бұл дәрігерді пара алу үстінде ұстады, ол медициналық лицензиясынан айырылды, Де Ниро фильмдегі сөздерінен бас тартты, журнал өзінің мақаласын кері қайтарып алды, бірақ әлгі дәрігер өзінің лас әрекетін жасап үлгерді. Бірнеше жылдан кейін осы тақырып бойынша басқа ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері пайда болды: АҚШ-та, Данияда он жылдық зерттеулер жүргізілді, Жапонияда миллиондаған балаларға көпжылдық зерттеулер жасалды, бұл зерттеулер бір де бір вакцина миға зиян тигізбейтінін, аутизм туғызбайтынын, ақыл-ойдың тежелуін тудырмайтындығын дәлелдеп берді.

Дәрігерлерге аутизм туралы тәлім беретін адам ретінде мен аутизм туа бітетін ауру екенін, нәресте дүниеге мидың туа біткен зақымдануымен келетінін білемін. Аутизмнің генетикалық түрлері де бар. Аутизм белгілері өмірдің алғашқы күндерінен-ақ байқалады, егер ата-ана мұқият болса, диагноз 3-6 айда белгілі болады.

Бұл – антиваксерлердің құлағынан тартқан жалған фактілері емес,  шындық нәрсе, сондықтан да  ата-аналардың чаттарына жіберу керек.

Мен Денсаулық сақтау министрлігіне идея тастаймын. Антиваксерлер вакцинадан зардап шеккендермен-мыс бейнеролик түсірмекші екен. Сондықтан да денсаулық сақтау органдарына сол қызылшадан қайтыс болған балалардың ата-аналарымен  видео түсіруге не кедергі болып отыр?

Қызу қанды қарсыластарға үндеу: сіз бірдеңе айтқыңыз келсе және қызамықтан қайтыс болған балалардың ата-аналарының және онымен ауырған балалардың көздеріне тіке қарай алсаңыз, біз онда пікір таластыра аламыз.

Мен тағы да қайталап жазамын, 2019 жылы қызылша ауруынан 21 адам қайтыс болды, олардың 19-ы вакцинацияланбаған балалар. Жалпы алғанда, 13000-нан астам жағдай болды, алдын-ала бағалау бойынша оның 5 пайызы мүгедек болып қалады, бұл 650-ден астам адам. Ал, олар вакцинацияның арқасында дені сау болып қала алатын адамдар еді.

Міне, мен енді вакцинация тақырыбына жазғым келмейді. Өйткені, антиваксерлерге де, олардың оппоненттеріне де ақша төленгені белгілі болды.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Мен таза энтузиазммен және қаншама өзіме жау жинап алғаныма қарамастан 10 жыл бұрын Facebook пен Twitter-де медицина саласындағы білімімді бөлісуді, адамдардың бойында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыруға және достарым мен оқырмандарыма аурудың алдын алуға дер кезінде кірісуге үйретуді мақсат етіп қойдым.

Мен ешқашан жарияланым үшін төлем алған емеспін және алмаймын да. Бірде бір банктің өнімін жарнамалауды ұсынды, бірақ банк секторын түсінбегендіктен мен табиғи түрде одан бас тарттым, өйткені мен үшін менің беделім ақшаға қарағанда әлдеқайда қымбат.

PS: Мен формалин туралы мүлдем ұмытып кеттім. Бұл – консервант және антисептик. БІРАҚ, біздің ағзамызда формалин вакциналы ампулаға қарағанда бірнеше есе көп. Формалиннің адам қанындағы нормасы 0,6 мг/л құрайды. Вакцина ампуласында оның мөлшері 12-15 мкг (микрограмм) құрайды. Сондықтан да ағза үшін бұл теңіздегі тамшыдай ғана. Ия, формальдегид (сулы ерітінді формалин деп аталатын) фолаттық цикл деп аталатын фолий қышқылының ыдырауы кезінде түзіледі.

Дереккөз: Фейсбук парақшасы

Фото: Medportal.gocb.by


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Кнопка домой
Бөлісіңіз